2015 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы N 31/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда N 3084 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты аппаратының басшысы 2016 жылғы 12 қаңтардағы N 2.1-11/6 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты аппаратының басшысы 12.01.2016 N 2.1-11/6 хаты).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінен жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХХІ сессиясының төрағасы
Е.Мәмбетов
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәлихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

      

 
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХХХІ сессиясының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 31/3 шешіміне қосымша

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕСІЛ БАССЕЙНІНІҢ ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНЕН СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН 2015 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТӨЛЕМАҚЫ СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

№ р/с
 
Арнайы су пайдалану түрі
 
Өлшем бірлігі (теңге)
 
Базалық ставка (теңге)
 
Төлемақы ставкасы 2014 жыл
 
Инфляция коэффициенті
 
 
2015 жылға арналған төлемақы ставкасы (теңге)
5 бағ*6 бағ
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
1
 
Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер
 
1000 текше м
 
61
 
95,86
 
1,07
 
102,57
 
2
 
Жылу электр қуатын қоса алғанда өнеркәсіп
 
1000 текше м
 
169
 
265,56
 
1.07
 
284,15
 
3
 
Ауыл шаруашылығы
 
1000 текше м
 
48
 
75,42
 
1.07
 
80,70
 
4
 
Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы
 
1000 текше м
 
48
 
75,42
 
1,07
 
80,70
 
5
 
Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар
 
1 тонна
 
122
 
191,7
 
1.07
 
205,12
 
6
 
Гидроэнергетика
 
1000 кВт/сағ.
 
17
 
26,71
 
1,07
 
28,58
 
7
 
Су көлігі
 
1000 т. км
 
5
 
7,86
 
1,07
 
8,41
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады