Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппараты басшысының 04.03.2015 N 16.1.3-16/427 хаты).
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес қала әкімі ШЕШТІ:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.С.Баллоға жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы рет жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
М. Тасмағанбетов |
КЕЛІСІЛДІ |
Д. Ғабдуллин |