Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 17.11.2014 N 303 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы құқық органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Қ. Қасенов |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім), Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының басқару жүйесіне сәйкес мемлекеттік мекеме нысанында құрылған заңды тұлға, жергілікті мемлекеттік басқарудың жеке қызметін жүзеге асырады.
2. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдары, аумақтық органдары, мемлекеттік мекемелері жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативті-құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен бекітілген тәртіпте өз құзыреті мәселелері бойынша басшының бұйрығымен рәсімделген шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған өзге де актілер қабылдайды.
8. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Зеленая көшесі 13.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілінде: «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Аккайынский районный отдел строительства, архитектуры и градостроительства».
11. Осы Ереже «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады.
13. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының жергілікті бюджеті есебінен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған түсімдер қаражатынан жүзеге асырылады.
14. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне келісім-шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік мекеменің мақсаты, қызмет мәні, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты (миссиясы): Аққайың ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызмет мәні (міндеттері):
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 38 бабының 1 тармағы негізінде селолық округ әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;
3) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, селолық округ әкімдерінің қаулыларын, шешімдерін және өкімдерін орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4) «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес селолық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
6) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету.
17. Функциялары:
«Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық функцияларды атқару үшін құрылды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен және ұйымдармен бөлімге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы негізінде бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрау және алу;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы негізінде бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан мәслихатының, аудандық консультативтік-кеңес органдардың отырыстарына қатысу.
3. Мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру
19. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты атқаратын, басшымен жүзеге асырылады.
20. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және жұмыстан босатады.
21. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы құзіреті:
1) өз құзыретінің шегінде бұйрық шығарады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
2) Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңнамаларына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға белгілеген заң тәртібімен мадақтау және тәртіптік жазалау шаралары қолданады;
3) Бөлім атынан әрекетті сенімхатсыз жүзеге асырады, Бөлім атынан Бөлім мүддесінде белгіленген әрекетті іске асыруға өкілеттігімен басқа аппарат қызметкерлерін бөледі;
4) қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды, оны қабылдамағаны үшін жеке жауапкершілікке тартылады;
5) «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді»;
6) азаматтардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы жоғында оның құзіретін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұлға басқарады.
22. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған және босатылатын басшымен басшылық етіледі.
4. Мемлекеттік мекеменің мүлігі
23. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түскен түсімнен құралады, мүлкі құрылтайшы тапсырған мүлік есебінен және негізгі қорлардан, айналымдағы қаржыдан, құны «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүліктен құралады.
24. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің тоқталуы қайта құрылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, жаңадан құрылуы) және жойылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілуі мүмкін.
27. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
28. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік мекеме жұмысының тәртібі мен қарым-қатынасы
29. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрылтайшысы және уәкілетті орган арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.
30. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
31. «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.