«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қосымшаға сәйкес ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Махметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастеміров |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 294 қаулысына қосымша |
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі тұрғын емес мемлекеттік қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) жылдық жалдау ақысының мөлшерлеме есебі жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі, жалға алушының қызметінің түрі, аумақтық орналасуы, қолайлық дәрежесі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, құрылыс түрі, қолданылатын коэффициенттің көлемі және базалық мөлшерлемесі негізінде анықталады және мына формула бойынша іске асырылады:
Ап = Рбс хSх Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұндағы
Ап – жылына коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінің жылына 1 шаршы метрге жалгерлік ақысының жылдық мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалгерлік ақының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
S – жалға берілетін алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) ауданның коммуналдық мүлігіне табыстау бойынша жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі, жалға алушының қызметінің түрі, аумақтық орналасуы, қолайлық дәрежесі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, құрылыс түрі, қолданылатын коэффициенттің көлемі және базалық мөлшерлемесі.
№ п/п | Базалық мөлшерлеме | |
| Әкімшілік-аумақтық бірлік | Базалық мөлшерлеменің көлемі |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы | Сәйкес жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші |
№ р/н | Коэффициенттер түрі | Коэффициент көлемі |
1 | Құрылыс түрін ескеретін коэффициент (Кт): | |
1.1 әкімшілік, офистік | 1,0 | |
1.2 өндірістік | 0,8 | |
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық | 0,6 | |
1.4 спорттық ғимарат (стадиондар, спорттық залдар) | 0,7 | |
2 | Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк) | |
2.1 жеке тұратын құрылыс | 1,0 | |
2.2 ғимараттағы үй-жай | 1,0 | |
2.3 салынған-жалғай салынған бөлігі | 0,9 | |
2.4 жертөле (жартылай жертөле) бөлігі | 0,7 | |
2.5 жертөле бөлігі | 0,6 | |
3 | Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск) | |
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды | 1,0 | |
4 | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): | |
| 4.1 аудандық орталық үшін | 1,0 |
4.2 ауылдық елді мекендер үшін | 0,5 | |
5 | Жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент (Квд): | |
| 5.1 делдалдық қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін | 3,0 |
5.2 коммуникациялық қызмет, соның ішінде байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон станциясы, пошталар, айырысу-кассалық орталық банктар | 1,5 | |
| 5.3. тренажерлық залдарды ұйымдастыру, фитнес-клубтар, техникалық қызмет көрсету станциясы, шеберханалар үшін | 2,0 |
| 5.4 қонақ үй, сауда қызметтерін ұйымдастыру, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, дәріхана және дәріханалық пункттер үшін | 3,0 |
| 5.5 оқу орындарында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін | 0,5 |
| 5.6 білім облысында қызмет көрсету үшін (мектептен тыс, оқушылар үшін үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар және жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет үшін | 1,0 |
| 5.7 өндірістік қызмет үшін | 2,0 |
| 5.8 гараж, қойма, сақтау камералары үшін | 2,0 |
| 5.9 басқалары үшін | 1,9 |
6 | Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескертетін коэффициент (Копф): | |
| 6.1 сауда-делдалдық қызметтен басқа, өндірістік қызмет ұйымы және тұрғындарға қызмет көрсету саласын дамыту үшін жеке кәсіпкерлер үшін үшін | 0,9 |
| 6.2 жеке меншік үлгісімен құрылым үшін (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік) | 2,0 |
| 6.3 қоғамдық және бірлестік ұйымдар үшін | 1,0 |
| 6.4 қалғандары үшін | 1,0 |
3. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есебі тұрғын емес мемлекеттік қоры объектілерінсіз, ауданның коммуналдық меншігіндегі жабдық, автокөлік құралдарына мына формула бойынша іске асырылады: Ар = С х К1 х К2,
мұндағы: Ар – жылына жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – жалдауға жылына базалық мөлшерлеме, теңдеумен қабылданатын С = (Sбал. х Nаморт.),
мұндағы: S бал. – жалға берілетін объектінің бастапқы құны;
Nаморт. – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде жылдық төзімінің нормасы анықталады.
№ п/п | Коэффициенттер түрі | Коэффициент көлемі |
1 | Пайдалану мерзімі ескерілетін коэффициент К1 | |
| автокөлік құралдары: пайдалну бойынша 1 жылдан 5 жылға дейін; пайдалану бойынша 5 жылдан жоғары | 1,2 1,0 |
| Жабдық: пайдалну бойынша 1 жылдан 7 жылға дейін; пайдалану бойынша 7 жылдан жоғары | 1,2 1,0 |
2 | Пайдалану жағдайы ескерілетін коэффициент К2 | |
| автокөлік құралдары, жабдық: аудан орталығының аймағында пайдалану бойынша; ауданның басқа аумағында пайдалану бойынша | 1,4 1,0 |
4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, тең коэффициент қабылданады 1,0.