"Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы N 508 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада N 2994 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы N 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 12.03.2015 N 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Тастеміров

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 508 қаулысымен бекітілген

"Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Айыртау аудандық мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Айыртау аудындық мәслихатының аппаратының ведомстволары жоқ.
      3. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Айыртау аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      8. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат Айыртауского районного маслихата".
      11. Осы Ереже "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де камтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      15. Негізгі міндеттері:
      1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
      2) аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
      3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      4) тұрғындарды аудандық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
      5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
      7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;
      2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қортындысы бойынша анықтамалар дайындау.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Айыртау аудандық мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық саулдар жолдау;
      5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
      6) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол "Айыртау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.
      19. Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      20. Мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Айыртау аудандық мәслихатының хатшысының өкілеттіктері:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілеттік етеді;
      11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      12) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Айыртау аудандық мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. Айыртау аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      24. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Заңды тұлға және құрылтайшының арасындағы қарым қатынасы

      26. Мәслихат аппаратының құрылтайшысы "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі" болып табылады.
      27. Құрылтайшының орналасқан жері: индексі 150100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44.
      28. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады