Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 22-9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда N 2712 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 28.01.2022 № 14-4 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д. Кудъяров
      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихаттың хатшысы М. Жұмабаев


  Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-9
шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ауылдың және көшенің атауы

Солтүстік Қазақстан Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінің ауыл көше тұрғындар өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы Халық көшесі

14

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы Гагарин көшесі

4

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы Целина көшесі

10

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы Школьный көшесі

3

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы 35-летие Целины көшесі

2

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы Совет көшесі

9

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл ауылы Абай көшесі

5

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қарашілік ауылы Үлкен-Қарой көшесі

6

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қарашілік ауылы Карауск көшесі

6

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қарашілік ауылы Школьный көшесі

5

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қарашілік ауылы Восточный көшесі

4

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қарашілік ауылы Абай көшесі

1

  Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-9
шешіммен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі ауыл көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі ауыл көшелер аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округтің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ақжар ауданының Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі ауыл көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі ауыл көшелер қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі ауыл көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады