Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 319 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда N 2960 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы N 17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 15.01.2015 N 17 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тұрысбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қыркүйек № 319 қаулысына қосымша

Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібі

1. Мемлекеттік үй-жайларды мүліктік жалға беру ақысын есептеу мөлшерлемесін белгілеу

      Жылдық жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін төмендегідей анықталады:
      Ап = С х Sх К1 х К2 х К3хК4хК5хК6;
      мұнда: Ап – үй-жайды жылына пайдалану мөлшерлемесі;
      С – мүліктік жалдаудың базалық мөлшерлемесі мемлекеттік үй-жайдың 1 шаршы метрі жылына 1,5 АЕК теңестіріледі S- жалдау ауданы, шаршы метр;

№ р/с
Коэффициент түрі
Коэффициента көлемі
1
Құрылым түрін ескеретін коэффициент К1:
 
 
әкімшілік
1
 
өндірістік
0,8
 
қойма, қазандық
0,6
2
ИНженерлік желілер мен коммуникацияларды ескеретін коэффициент К2:
 
 
Барлық инженерлік-техникалық қондырғылары бар үй-жайларына арналған
Қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді
1,0
3
Үй-жайдың жайлылығын ескеретін коэффициент К3:
 
 
Ғимарат немесе ғимараттағы үй-жай
1,0
 
Ғимараттың нөлдік қабаты немесе жертөле
0,7
 
Жертөле үй-жайы
0,4
4
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент, К4:
 
 
Сауда-коммерсиялық және жабдықтаушы-сатушы қызмет (өндірістік, өнеркәсіптік және аралас тауарлар, дәріхана және дәріхана пункттері), банктік қызметтер, полиграфиялық қызметтер, брокерлік қызмет, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер, зейнетақы қорлары
3,0
 
Коммуникациялық қызметтер, соның ішінде: байланыс қызметтері, АТС
0,7
 
Айырбастау пункттері
5,0
 
Қызмет көрсету:
- тұрмыстық және мәдени-демалыс қызметтері, тренажер залы, фитнес-клубтар, ТҚС, шеберханалар, жерлеу қызметтері, кітапты жалға беру
2,0
1,0
 
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет:
- дәмхана, мейрамхана
- буфет және асхана
- білім мекемелеріндегі буфет пен асхана
3,0
2,0
0,5
 
Білім саласындағы қызмет көрсету (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт үйірмелері, денсаулық сақтау және мәдениет
1,0
 
Өндірістік қызмет
2,0
 
Көлікжай, қойма, сақтау камералары үй-жайлары
2,0
 
Оқу қызметі
3,0
 
Өзге де қызмет түрлері
1,0
5
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық формасын ескеретін коэффициент К5:
 
 
- жеке меншік формалары жеке құрылымдарға арналған (шектеулі жауапкерлік серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, )
- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар үшін,
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп қызметін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету дамуы, ерекше сауда-саттық (делдалдық) қызметті
- мемлекеттік мекемелер үшін:
- бюджеттен қаржыландырылатын және әкімдіктің коммуналдық меншігіндегі басқа да бюджет деңгейіндегі мүлік жалдаушыларға
- бюджеттен қаржыландырылатын және әкімдіктің коммуналдық меншігіндегі тиісті бюджет деңгейіндегі мүлік жалдаушыларға және аудандық коммуналдық кәсіпорындарға
- жоғарыдағы есепке алынбағандардан өзгелер үшін
2,0
1,5
0,9
Жалдау ақысын алмай
6
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент, К6:
 
 
Аудандық орталық
1,0
 
Ауылдық елді мекендер (Аудандық орталықтан басқа )
0,5

2. Көлік құралдарын, құрылыс, жұмыс және ауыл шаруашылық машиналарды, жабдықтарды, инженерлік желілерді, коммуникацияларды және басқа да мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін есептемегенде, мүліктік жалға беру ақысын есептеу.

      Есептеу мөлшерлемесін формула арқылы анықтау:
      Ар = С х NAM/100 х Кn,
      мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады
      С=(Sбал.* Nамор.), мұнда:
      Sбал. - тапсырылатын объектінің бастапқы (теңгерімдік) құны
      Nамор. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
      Кn –төмендетілетін коэффициент ( құрал жабдықтар мен көліктердің алпыс пайыз тозуында-0,8, кіші субъект кәсіпкерліктеріне өндірістік қызметпен халыққы қызмет көрсету салаларын дамытуға, сатып алу қызметінен басқа 0,0 көлемінде)
      Мемлекеттік мекемелерге көліктер мен құрал жабдықтарды ұсынған жағдайда көлемі 0,0.
      Мүліктік жалға алу бір шаршы метрға сағатына математикалық бөлу арқылы айдың жұмыс күні мен тәулік сағатына есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады