Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-24 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
ХХІІІ сессиясының төрағасы | Н. Габдулов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының хатшысы | Б. Ысқақова |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 31 наурыздағы | |
№ 23-12 шешімімен | |
бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-24 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
6. Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы интернет ресурстарын қоса алғанда олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшедетұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынынСолтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 31 наурыздағы | |
№ 23-12 шешіміне | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-24 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Ауылдар мен көшелер атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Нежинка ауылы, Центральная көшесінің тұрғындарына | 3 |
2 | Нежинка ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына | 3 |
3 | Нежинка ауылы, Целинная көшесінің тұрғындарына | 2 |
4 | Нежинка ауылы, Абая көшесінің тұрғындарына | 1 |
5 | Нежинка ауылы, Рақымжан Қошқарбаев Центральная көшесінің тұрғындарына | 1 |
6 | Нежинка ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына | 1 |
7 | Нежинка ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына | 1 |
8 | Нежинка ауылы, Новая көшесінің тұрғындарына | 1 |
9 | Нежинка ауылы, Приишимская көшесінің тұрғындарына | 1 |
10 | Нежинка ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесінің тұрғындарына | 2 |
11 | Нежинка ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына | 1 |
12 | Нежинка ауылы, Нежинская көшесінің тұрғындарына | 1 |
13 | Нежинка ауылы, Мира көшесінің тұрғындарына | 2 |
14 | Нежинка ауылы, Гаражная көшесінің тұрғындарына | 1 |
15 | Буденное ауылы, Полевая көшесінің тұрғындарына | 2 |
16 | Буденное ауылы, Луговая көшесінің тұрғындарына | 1 |
17 | Буденное ауылы, Центральная көшесінің тұрғындарына | 2 |
18 | Буденное ауылы, Зеленая көшесінің тұрғындарына | 1 |
19 | Буденное ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына | 2 |
20 | Буденное ауылы, Жамбыл Жабаев көшесінің тұрғындарына | 1 |
21 | Буденное ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесінің тұрғындарына | 3 |
22 | Буденное ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына | 1 |
23 | Буденное ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына | 1 |
24 | Буденное ауылы, Достық көшесінің тұрғындарына | 2 |
25 | Буденное ауылы, Целинная көшесінің тұрғындарына | 1 |
26 | Тоқсан би ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына | 2 |
27 | Тоқсан би ауылы, Есен Жантасов көшесінің тұрғындарына | 1 |
28 | Тоқсан би ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесінің тұрғындарына | 2 |
29 | Тоқсан би ауылы, Мира көшесінің тұрғындарына | 1 |
30 | Тоқсан би ауылы, Новая көшесінің тұрғындарына | 1 |
31 | Тоқсан би ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына | 1 |
32 | Тоқсан би ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына | 1 |
33 | Тоқсан би ауылы, Гагарина көшесінің тұрғындарына | 3 |
34 | Тоқсан би ауылы, Интернациональная көшесінің тұрғындарына | 2 |
35 | Тоқсан би ауылы, Конституции көшесінің тұрғындарына | 3 |
36 | Тоқсан би ауылы, Первомайская көшесінің тұрғындарына | 1 |
37 | Тоқсан би ауылы, Юбилейная көшесінің тұрғындарына | 1 |
38 | Ефимовка ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына | 3 |
39 | Ефимовка ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына | 1 |
40 | Ефимовка ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесінің тұрғындарына | 3 |
41 | Ефимовка ауылы, Абая көшесінің тұрғындарына | 2 |
42 | Ефимовка ауылы, Есіл көшесінің тұрғындарына | 1 |
43 | Ефимовка ауылы, Кооперативная көшесінің тұрғындарына | 1 |
44 | Ефимовка ауылы, Зеленая көшесінің тұрғындарына | 1 |
45 | Куприяновка ауылы тұрғындарына | 1 |