Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
ХХІІІ сессиясының төрағасы | Н. Габдулов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының хатшысы | Б. Ысқақова |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 23-18 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі аумағындағы ауыл, көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі 2-тарау
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (селоларға, көшелерге) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылғанға дейін оған қатысуға құқығы бар тиісті ауылдың, көшенің тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өткізілген болып есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл тұрғындары мен көшелерiнiң өкiлдерiне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық мәслихаты бекiткен сандық құрамына сәйкес жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
2-қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 31 наурыздағы | |
№ 23-18 шешімімен | |
бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Ауылдар мен көшелердің атаулары | Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Червонное ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына | 3 |
2 | Червонное ауылы, Центральная көшесінің тұрғындарына | 3 |
3 | Червонное ауылы, Комсомольская көшесінің тұрғындарына | 3 |
4 |
Червонное ауылы, Школьная | 1 |
5 | Червонное ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына | 1 |
6 | Червонное ауылы, Целинаға 30 жыл көшесінің тұрғындарына | 1 |
7 | Червонное ауылы, Дружба көшесінің тұрғындарына | 1 |
8 | Червонное ауылы, Новоселов көшесінің тұрғындарына | 3 |
9 | Червонное ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына | 2 |
10 | Пески ауылы, Зеленая көшесінің тұрғындарына | 3 |
11 | Пески ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына | 2 |
12 | Пески ауылы, Калинин көшесінің тұрғындарына | 3 |
13 | Пески ауылы, Юбилейная көшесінің тұрғындарына | 1 |
14 | Пески ауылы, 22-партсъезд көшесінің тұрғындарына | 1 |
15 | Пески ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына | 1 |
16 | Ұзынкөл ауылының тұрғындарына | 1 |