2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі N 128 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 мамырда N 2809 болып тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж. Тайшабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 128
қаулысымен бекітілген

2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке
дейінгі
тәрбие және
оқыту ұйым-
дарының
тәрбиелену-
шілер саны

Мектепке
дейінгі
ұйымдарда
қаржыланды-
рудың жан
басына
шаққанда
бір айдағы
мөлшері
(теңге)

Мектепке
дейінгі
ұйымдар
ата-анала-
рының бір
айдағы ақы
төлеу
мөлшері
(теңге)

Бір тәрбие-
ленушіге
кететін бір
айдағы
орташа
шығын құны
(теңге)

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Айгөлек балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

100

23000

6500

23000

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мектепке дейінгі шағын орталықтар

380

5950

5000

5950

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мектепке дейінгі шағын орталықтар

966

9032

5000

9032

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады