Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 367 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қазанда N 2973 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 18.08.2017 № 251 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1 қосымшаға сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны анықталсын.

      2. 2 қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай шарт негізінде берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Естайұлы Әділбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 4 қарашадан туындайтын қатынасқа таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      аудан әкімі В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның сайлау
      комиссиясының төрағасы
      жылғы 23 қазан Н.Қ. Барақаев


  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 367 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны

р/с

 

Ауылдық округ атауы

Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік басылым материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы
 

1

Новоишим ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылының Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд


  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 367 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін шарт негізінде берілген үй-жай

р/с

 

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы

Таңдауышыларымен кездесу
үшін үй-жай

1.

Новоишим ауылдық округі

Новоишим ауылы: Мәдениет үйі, Абылай-хан көшесі, 19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады