Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 75 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті 1, 2 және сәйкесінше 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2015 жылға арналғаны келесі көлемде:
1) кірістер – 3 949 923,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 935 693,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер – 75 681,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсім – 90816,3 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 847 732,7 мың теңге;
2) шығыстар – 3 956 261,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу – 16 164,8 мың теңге, соның ішінде:
бюджет несиесі – 32 703,3 мың теңге;
бюджет несиесін өтеу – 16 538,5 мың теңге;
4) қаржы активтері бойынша операциялар сальдосы – 6 584,0 мың теңге соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 6584,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсім – 0;
5) бюджет тапшылығы (профицит) – -29 086,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру бюджеттің (профицитты пайдалану) – 29 086,4 мың теңге:
қарыздардың түсімі – 32 703 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 16 538,5 мың теңге;
бюджеттік қаражат қалдықтарын пайдалану – 12 921,9 мың теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.10.2015 N 38-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
100 пайыз көлемінде облыстық мәслихат белгілегендей, әлеуметтік салықты норма бойынша кірістерді бөлу;
жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүліктері салығы;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
транспорт құралдарының салығы;
жанармай мен бензинге акциздер (авиациялықтан басқа);
жер учаскесін пайдаланған үшін төлем;
республикалық бюджетке жіберілетін алымдардан басқа, кәсіпкерлік және мамандық қызметтермен айналысқаны үшін алымдар;
республикалық бюджетке түсетін консулдық алымнан және мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баж.
3. Аудан бюджеті келесі салықтық емес түсімдерден құралатыны белгіленсін:
кәсіпорындардың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін түсімдер;
мемлекеттік меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін түсімдер;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, тауар (жұмыс, қызмет) жүзеге асыру түсімдері;
бюджеттік несиелер бойынша айыппұлды талап ету;
аудан бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдері.
4. Аудан бюджеті түсімдері ауылшаруашылығында пайдаланатын жер учаскелерінен басқа, жер учаскілерін сатудан түскен түсім арқылы құралатыны белгіленсін.
5. Аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция көлемі 2 110 352 мың теңгені құрайды.
6. 4 қосымшаға сәйкес, 2015 жылға аудан бюджетін орындау барысында секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарлама белгіленсін.
7. 2015 жылға арналған аудан бюджетіндегі республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері келесі көлемде есепке алынсын:
1) 87666 мың теңге - мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік білім тапсырысын жүзеге асыруға;
2) 46 271 мың теңге – үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін жоғарылату курстарынан өткен мұғалімдердің еңбек ақысын көтеру;
4) 121 мың теңге – мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету төлемдері;
5) 343 мың теңге – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
6) 6407 мың теңге – Мүгедектерге керекті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
7) 21 179 мың теңге – Ұлы Отан Соғысына жетпіс жыл толуын тойлау шараларына;
8) 172 050 мың теңге – жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекеме жұмысшыларының жалақыларына, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтындарға, және мемлекеттік кәсіпорындар жұмысшыларына ерекше еңбек жағдайларына айлық үстеме төлеу;
9) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
10) 872 мың теңге – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің штаттық санын ұстауына;
11) 5 691 мың теңге – жергілікті атқарушы органдардың агро өнеркәсіп кешенін ұстауға.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. 2015 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджет есебінен берілетін бюджеттік несиелер қарастырылсын:
мамандарды әлеуметтік қолдауға іс-шараларды іске асыру үшін – 32703 мың теңге.
9. 2015 жылға арналған аудан бюджетінде облыс бюджет есебінен мақсатты трансферттер келесі көлемде есепке алынсын:
1) 183 182 мың теңге – Буденный ауылындағы орта мектеп құрылысына;
2) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) 88 387 мың теңге – Новоишим ауылында канализация желілеріне және тазалау ғимараттарын жөндеуге жобалы-сметалық құжаттарды дайындау;
4) 9 126,8 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шегінде мектеп жөндеуіне ортақтаса қаржыландыру;
5) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
6) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) 9 605 мың теңге – Новоишим ауылында орталық қазандардың құрылысына жобалы-сметалық құжаттарды дайындауға;
8) 29 017,9 мың теңге – ауылдық елді мекендерде суды көрсету және сумен жабдықтау жүйесін дамыту;
9) 3 726 мың теңге - Ұлы Отан Соғысына жетпіс жыл толуын тойлау шараларына;
10) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
11) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 34-3 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
12) 7 129 мың теңге – энзоотика ауруларына қарсы шараларды өткізуге.
13) 28 907 мың теңге –оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге;
14) 1 875 мың теңге – электронды оқулықтарды алуға;
15) 7 459 мың теңге – интернет желі қызметін беруге.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.10.2015 N 38-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2015 жылға резерві 600 мың теңге соммасында бекітілсін.
11. 5 қосымшаға сәйкес ауданның әр ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалар тізімі бекітілсін.
12. Бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбек ақыны төлеу толық көлемде қамтамасыз етілсін.
13. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленсін. Берілген нұсқа ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына қолданылады.
14. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатыныңXXXII сессиясының төрағасы |
К.Мұкышев |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Б. Ысқақова |
Аудан мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 шешіміне 1 қосымша |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2015 жылға арналған бюджеті
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.10.2015 N 38-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).Аудан мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 шешіміне 2 қосымша |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2016 жылға арналған бюджеті
Аудан мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 шешіміне 3 қосымша |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2017 жылға арналған бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 шешіміне 4 қосымша |
2015 жылға арналған аудан бюджетін орындау процессінде секвестрге келіссіз аудан бюджетінің бағдарламаларының тізімі
Қызметінің тобы | Атауы | ||
| басқарушы | ||
| | бағдарлама | |
4 | | | Білім беру |
| 464 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі |
| | 3 | Жалпы білім беру |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 шешіміне 4 қосымша |