Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 29/174 шешiмi. Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 5 мамырда N 2722 болып тiркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 8-94 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 8-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бұлақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген Қағидалары бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрайымы Ғ. Аманжолова
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы мәслихатының
      хатшысы Т. Мұқашев


  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 27 наурыздағы
  № 29/174 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімі шақырып, ұйымдастырады.

      6. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, мобильді месенджерлер, ақпараттық стендтерге хабарландыруларды орналастыру жолы арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Ауыл ішіндегі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен өткізеді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында кәмелетке толмаған адамдардан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардан, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардан басқа, тиісті ауылдың, оған қатысуға құқығы бар көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы үш күнтізбелік күн ішінде қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 27 наурыздағы
  № 29/174 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бұлақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ р/с

Елді мекендердің, көшелердің атаулары

Өкілдердің (адамдардың) саны

1.

Бұлақ ауылының тұрғындары үшін


Аққұдық көшесі

3

Бейбітшілік көшесі

2

Жұмабаев көшесі

3

Мұқанов көшесі

2

Құрылыс көшесі

2

2.

Ақтас ауылының тұрғындары үшін

3

3.

Қарағай ауылының тұрғындары үшін

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады