Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы N 131 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 маусымда N 2814 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі орынбасарының 2015 жылғы 22 қаңтардағы N 7.1.8-15/47 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі орынбасарының 29.01.2015 N 7.1.8-15/47 хаты).
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі М. Әбішев

  Қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 5 мамырдағы
№ 131 қаулысымен
бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Балабақшалардың
және мектепке
дейінгі
мекемелердің
атауы
Мектепке
дейінгі
тәрбие мен
оқыту
ұйымдарында
тәрбиелену-
шілердің
саны
Мектепке
дейінгі
тәрбие мен
оқыту
ұйымдарында
айына жан
басына
шаққандағы
қаржылан-
дыру көлемі
(теңге)
Мектепке
дейінгі
тәрбие мен
оқыту ұйым-
дарында
айына
ата-ананың
ақы төлеу
көлемі
(теңге)
Айына бір
тәрбиелену-
шіге
кететін
шығындардың
орташа құны
(теңге)
"Моншақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
90
19779
3 жасқа дейін 6000
3 жастан бастап 6500
19779
"Бөбекжан" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
90
21117
4500
21117
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Балапан" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
140
19148
3 жасқа дейін 6000
3 жастан бастап 7000
19148
Мектепке дейінгі шағын орталықтар
583
21030
5000
21030

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады