Жамбыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі N 226 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте N 2946 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы N 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 28.06.2016 N 153 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына қарамастан Жамбыл ауданының мекемелері мен кәсіпорындарында жұмыс істеушілердің жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады