2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 21 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 ақпанда N 2578 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.01.2015 N 01 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. 2014 жылы нысаналы топқа жататын, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан ас қан жұмыссыз тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан артық);
      4) бірде - бір жұмыс істейтін азаматы жоқ отбасылардан шыққан тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланғаннан күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Е. Каменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады