Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 12/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Қызылжар аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Рақымов |
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Қызылжар аудандық мәслихат | |
хатшысы | А. Молдахметова |
КЕЛІСІЛДІ | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар ауданының | |
Рощин ауылдық округінің әкімі | Б. Баукенов |
23 сәуір 2014 жылы |
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/15 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің ауылдар және көшелердің атауы | Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелердің тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар) |
Белое ауылының Жамбыл көшесі | 5 |
Белое ауылының Интернациональная көшесі | 5 |
Белое ауылының Коммунистическая көшесі | 4 |
Белое ауылының Ленин көшесі | 10 |
Белое ауылының Лесная көшесі | 4 |
Белое ауылының Мир көшесі | 3 |
Белое ауылының Молодежная көшесі | 5 |
Белое ауылының Октябрьская көшесі | 5 |
Белое ауылының Придорожная көшесі | 2 |
Белое ауылының Садовая көшесі | 5 |
Белое ауылының Советская көшесі | 4 |
Белое ауылының Шоссейная көшесі | 3 |
Березовка ауылының Лесная көшесі | 7 |
Березовка ауылының Подхозная көшесі | 1 |
Березовка ауылының Центральная көшесі | 12 |
Березовка ауылының Черемушкин көшесі | 5 |
Пеньково ауылының Береговая көшесі | 10 |
Пеньково ауылының Лесная көшесі | 3 |
Пеньково ауылының Мир көшесі | 4 |
Пеньково ауылының Молодежная көшесі | 6 |
Пеньково ауылының Орловская көшесі | 6 |
Пеньково ауылының Подхозная көшесі | 2 |
Пеньково ауылының Рощинская көшесі | 8 |
Пеньково ауылының Центральная көшесі | 20 |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/15 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі ауылдар және көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі аумағында ауылдар және көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің әкімі шақырады.
Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Қызылжар" және "Маяк" газеттері немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі ауылдар және көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі ауылдар және көшелердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі ауылдар және көшелер тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Қызылжар ауданы мәслихаты бекіткен тұрғындары сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.