Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 12/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар, көшелер және көппәтерлі үйлердің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Қызылжар аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Рақымов |
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Қызылжар аудандық мәслихат | |
хатшысы | А. Молдахметова |
КЕЛІСІЛДІ | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар ауданының | |
Прибрежный ауылдық округінің әкімі | Н. Омаров |
23 сәуір 2014 жылы |
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/13 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар, көшелер, көппәтерлі үйлер тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің ауылдар, көшелер және көппәтерлі үйлердің атауы | Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер және көппәтерлі тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар) |
Шаховское ауылының Әлібай Даиров көшесі | 9 |
Шаховское ауылының Мәжит Қасенов көшесі | 7 |
Шаховское ауылының Бейбітшілік көшесі | 8 |
Шаховское ауылының Орман көшесі | 9 |
Шаховское ауылының Парасат көшесі | 7 |
Шаховское ауылының Байқоңыр көшесі | 3 |
Шаховское ауылының Целинная көшесі | 9 |
Шаховское ауылының Наурыз көшесі | 6 |
Тепличное ауылының Нұрлыжол көшесі | 5 |
Тепличное ауылының Саяхат көшесі | 3 |
Тепличное ауылының Динмұхамед Қонаев көшесі | 3 |
Тепличное ауылының Көкбайрақ көшесі | 4 |
Тепличное ауылының Самал көшесі | 3 |
Тепличное ауылының Орман көшесі | 3 |
Тепличное ауылының Пионерлер көшесі | 4 |
Тепличное ауылының Барс көшесі | 3 |
Тепличное ауылының Қаражорға көшесі | 4 |
Тепличное ауылының Бархатная көшесі | 3 |
Тепличное ауылының Ақшатыр көшесі | 4 |
Тепличное ауылының Ұлан көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Лекер Шаймергенов көшесі | 11 |
Прибрежное ауылының Интернациональная көшесі | 11 |
Прибрежное ауылының Достық көшесі | 5 |
Прибрежное ауылының Советская Көшесі | 12 |
Прибрежное ауылының Жастар көшесі | 9 |
Прибрежное ауылының Жамбыл көшесі | 6 |
Прибрежное ауылының Жанажол көшесі | 6 |
Прибрежное ауылының Еңбек көшесі | 4 |
Прибрежное ауылының Мағжан Жұмабаев көшесі | 5 |
Прибрежное ауылының Николай Токарев көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Наурыз көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Шағын көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Саясат көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Есіл көшесі | 4 |
Прибрежное ауылының Дербес көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Ағынтай Батыр көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Бостандық көшесі | 8 |
Көппәтерлі тұрғын үйлердің мекенжайлары | Прибрежное ауылының көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындары өкілдерінің (адамдардың) саны |
Прибрежное ауылының Советская,19 көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Советская,21 көшесі | 2 |
Прибрежное ауылының Советская, 24 көшесі | 3 |
Прибрежное ауылының Советская, 26 көшесі | 2 |
Прибрежное ауылының Советская, 28 көшесі | 2 |
Прибрежное ауылының Советская, 30 көшесі | 2 |
Прибрежное ауылының Советская, 32 көшесі | 2 |
Прибрежное ауылының Советская, 33 көшесі | 2 |
Прибрежное ауылының Советская, 35 көшесі | 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/13 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі ауылдар, көшелер және көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі аумағында ауылдар, көшелер және көппәтерлі үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі шақырады.
Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Қызылжар" және "Маяк" газеттері немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі ауылдар, көшелер және көппәтерлі үйлер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі ауылдар, көшелер және көппәтерлі үйлердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі ауылдар, көшелер және көппәтерлі үйлердің тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Қызылжар ауданы мәслихаты бекіткен тұрғындары сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.