Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі N 26/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда N 2793 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 12/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 12/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының


Қызылжар аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

Н. Рақымов

Солтүстік Қазақстан облысының


Қызылжар аудандық мәслихат


хатшысы

А. Молдахметова

КЕЛІСІЛДІ


Солтүстік Қазақстан облысы


Қызылжар ауданының


Асаново ауылдық округінің әкімі

С. Қазеев

23 сәуір 2014 жылы



  Солтүстік Қазақстан облысының
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/4
шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің ауылдар және көшелер атауы

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар және көшелер тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар)

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асанов ауылдық округінің Михайловка ауылының тұрғындары үшін

6

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асанов ауылдық округінің Толмачевка ауылының тұрғындары үшін

8

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асанов ауылдық округінің Малое Белое ауылының тұрғындары үшін

3

Плоское ауылының Бірінші көшесі

4

Плоское ауылының Екінші көшесі

4

Плоское ауылының Үшінші көшесі

3

Плоское ауылының Төртінші көшесі

3

Асаново ауылының Музыкальная көшесі

13

Асаново ауылының Пионерская көшесі

17

Асаново ауылының Алексеенко көшесі

18

Асаново ауылының Новая көшесі

3

Асаново ауылының Октябрьская көшесі

4

Асаново ауылының Вокзальная көшесі

5

Асаново ауылының Интернациональная Көшесі

2

Асаново ауылының Коммунистическая Көшесі

2

Асаново ауылының Мир көшесі

4

Асаново ауылының Привокзальная көшесі

2

Асаново ауылының Пролетарская көшесі

2

Асаново ауылының Революционная көшесі

2

Асаново ауылының Советская көшесі

3

Асаново ауылының Комсомольская көшесі

3

Асаново ауылының Лесная көшесі

4

  Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 26/4 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі ауылдар және көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі аумағында ауылдар және көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Қызылжар" және "Маяк" газеттері немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі ауылдар және көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі ауылдар және көшелердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі ауылдар және көшелер тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Қызылжар ауданы мәслихаты бекіткен тұрғындары сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады