Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі N 26/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда N 2796 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 12/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 12/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының


Қызылжар аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

Н. Рақымов

Солтүстік Қазақстан облысының


Қызылжар аудандық мәслихат


хатшысы

А. Молдахметова

КЕЛІСІЛДІ


Солтүстік Қазақстан облысы


Қызылжар ауданының


Қызылжар ауылдық округінің әкімі

Г. Кәрімова

23 сәуір 2014 жылы



  Солтүстік Қазақстан облысының
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/9
шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің ауылдар және көшелердің атауы

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелердің тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар)

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қарлыға ауылының тұрғындары үшін

7

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің Трудовая Нива ауылының тұрғындары үшін

7

Бәйтерек ауылының Бейбітшілік көшесі

6

Бәйтерек ауылының Батыр-Баяна көшесі

9

Бәйтерек ауылының Астана көшесі

8

Бәйтерек ауылының Квартал көшесі

20

Бәйтерек ауылының Сегіз Сері көшесі

2

Бәйтерек Ақан Сері көшесі

3

Бәйтерек Конституцияға 15 жыл көшесі

3

Бәйтерек ауылының Абылай Хан ауыл көшесі

5

Бәйтерек ауылының Мағжан Жұмабаев көшесі

3

Бәйтерек ауылының Ғабит Мұсірепов көшесі

5

Бәйтерек ауылының Достық көшесі

3

Бәйтерек ауылының Шоқан Уәлиханов көшесі

3

Бәйтерек ауылының Маншүк маметова көшесі

4

Бәйтерек ауылының Бауыржан Момыш ұлы көшесі

4

Приишимка ауылының Новая көшесі

8

Приишимка ауылының Школьная көшесі

14

Приишимка ауылының Центральная көшесі

10

Подгорное ауылының Береговая көшесі

4

Подгорное ауылының Амангелді көшесі

5

Подгорное ауылының Центральная көшесі

7

Подгорное ауылының Школьная көшесі

5

Подгорное ауылының Лесная көшесі

10

Чапаево ауылының Клуб көшесі

4

Чапаево ауылының Үшінші көшесі

2

Чапаево ауылының Школьная көшесі

2

Чапаево ауылының Центральная көшесі

4

Чапаево ауылының Новая көшесі

3

Чапаево ауылының Набережная көшесі

3

Чапаево ауылының Дорожная көшесі

3

Чапаево ауылының Амангелді көшесі

2

  Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 26/9 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі ауылдар және көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі аумағында ауылдар және көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Қызылжар" және "Маяк" газеттері немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі ауылдар және көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі ауылдар және көшелердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі ауылдар және көшелер тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Қызылжар ауданы мәслихаты бекіткен тұрғындары сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады