Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында 2015 жылғы қаңтар - наурыз аралығында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 38 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда N 3026 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 07 сәуірдегі N 10.1.5-6/378 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 07.04.2015 N 10.1.5-6/378 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақырту учаскесіне 2015 жылғы қаңтар - наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтарда пайда болған қатынастарға таралады
 
 

      Аудан әкімі

Қ. Пішенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      қорғаныс министрлігінің
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев атындағы
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      2014 жылғы 28 қараша

С.Н.Кишман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады