Мамлют ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 мамырдағы N 31/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 маусымда N 2816 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 29 қаңтардағы N 17 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты аппаратының 29.01.2015 N 17 хаты).
      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2014 жылға Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

К. Бекенов

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық мәслихаттың
      хатшысы

Р. Нұрмұқанова

      "КЕЛIСIЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының
      ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнің
      басшысы
      19 мамыр 2014 жыл

Ы. Насыров

      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесi басшысы
      19 мамыр 2014 жыл

А. Биктимиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады