"Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Күшін жойғанСолтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 38/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда N 3082 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы N 5/7 шешімімен
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне (2014 жылғы 14 ақпандағы "Солтүстік Жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2546 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқалған шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (әрі қарай –Қағида):
Қағиданың 5 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) кезеңмен беріледі (ай сайын, жылына бір рет, 2 жылда бір реттен кем емес);
Қағиданың 7 тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда баяндалсын:";
"7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет санаттардың бірі бойынша азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:";
Қағиданың 7 тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"6) 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні":
бұрынғы ҚСР Одағының аумағында саяси қуғын – сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар – 15 айлық есептік көрсеткіш;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын– сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар – 15 айлық есептік көрсеткіш мына төмендегі жағдайларда танылады:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын – сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолданылуы;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын – сүргіндердің қолдануы;
қуғын – сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСРО Прокуратурасы мен КСРО ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын – сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады;
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады – 15 айлық есептік көрсеткіш;
Ата–аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын – сүргіндер құрбандарының балалары, сондай – ақ қуғын – сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата – анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын – сүргіндер құрбандарының балалары танылады – 3 айлық есептік көрсеткіш.":
Қағиданың 7 тармағының 7) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
7) 30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні":
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтарына – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
Қағиданың 8 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"8. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтініш білдірген азаматқа (отбасына), табыс есебінсіз бір рет 40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде көрсетіледі;
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызудың түпкілікті тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын мұқтаж тұлғаларға, кірістерді есептеусіз жылына бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін және отын алу үшін табыс кірістерді есептеусіз ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделу үшін жылына бір рет, кірістерді есептеусіз көрсетілген қызмет бағасы мөлшерінде.
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тіс протездеу үшін (бағалы металлдардан және металлокерамика, металлоакриллден протезден басқа), кірістерді есептеусіз 2 жылда бір реттен көп емес көрсетілген қызмет бағасы мөлшерінде.".
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы шешім шығару кезінде азаматтарды мұқтаждар санаттарына енгізу үшін негіздеме тізімдерін басшылыққа алады.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз