2014 жылға Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырысты беру мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы N 247 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда N 2813 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 31.10.2014 N 547 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы Қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 12 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырысты беру мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.И. Турковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 5 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі
С. Салтықов

 Солтүстік Қазақстан облысы 
Тайынша ауданы әкімдігінің 
2014 жылғы 04 маусым № 247
қаулысына қосымша

2014 жылға Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар беру мерзімдері


р/с № Дақылдар атауыӨтінім ұсыну мерзімдеріЕгістіктің оңтайлы мерзімдері
1Жаздық жұмсақ бидай, орташа ерте пісетін сұрыптар 25 мамырға дейін28 мамырдан 05 маусымға дейін
2Жаздық жұмсақ бидай, орташа пісетін сұрыптар 25 мамырға дейін20 мамырдан 30 мамырға дейін
3Жаздық жұмсақ бидай, орташа кеш пісетін сұрыптар25 мамырға дейін18 мамырдан 25 мамырға дейін
4Жаздық қатты бидай25 мамырға дейін20 мамырдан 25 мамырға дейін
5Ерте пісетін сұрыпты арпа25 мамырға дейін30 мамырдан 05 маусымға дейін
6Орташа пісетін сұрыпты арпа25 мамырға дейін30 мамырдан 3 маусымға дейін
7Сұлы25 мамырға дейін25 мамырдан 30 мамырға дейін
8Қарақұмық25 мамырға дейін20 мамырдан 27 мамырға дейін
9Тары 25 мамырға дейін25 мамырдан 30 мамырға дейін
10Ноқат18 мамырға дейін13 мамырдан 18 мамырға дейін
11Асбұршақ 25 мамырға дейін20 мамырдан 27 мамырға дейін
12Қытай бұршақ25 мамырға дейін22 мамырдан 28 мамырға дейін
13Жасымық25 мамырға дейін23 мамырдан 30 мамырға дейін
14Рапс – егісі дәстүрлі сүрі жер бойынша20 мамырға дейін12 мамырдан 20 мамырға дейін
15Рапс – егісі минималдық-нөлдік сүрі25 мамырға дейін20 мамырдан 28 мамырға дейін
16Зығыр, қыша25 мамырға дейін18 мамырдан 25 мамырға дейін
17Май дәніне арналған күнбағыс20 мамырға дейін15 мамырдан 20 мамырға дейін
18Қара бидай25 мамырға дейін20 мамырдан 26 мамырға дейін
19Картоп25 мамырға дейін15 мамырдан 30 мамырға дейін
20Сүрлемге арналған жүгері20 мамырға дейін16 мамырдан 20 мамырға дейін
21Сәбіз (тұқым)20 мамырға дейін10 мамырдан 20 мамырға дейін
22Пияз (тұқым)20 мамырға дейін10 мамырдан 20 мамырға дейін
23Қызылша25 мамырға дейін25 мамырдан 5 маусымға дейін
24Қияр25 мамырға дейін16 мамырдан 5 маусымға дейін
25Орамжапырақ көшеті25 мамырға дейін25 мамырдан 12 маусымға дейін
26Қызанақ көшеті25 мамырға дейін28 мамырдан 12 маусымға дейін
27Бидай технологиясы бойынша сүрлемге жүгері 20 мамырға дейін 16 мамырынан 20 мамырына дейін
28Сүрлемге күнбағыс24 мамырға дейін 18 мамырынан 24 мамырына дейін
29Жасыл жемге бір жылдық шөптер (сұлы, бұршақ, бұршақ + сұлу + арпа), пішен (судан шөбі, тары, могар, сұлы + вика) және пішендеме (сұлы + арпа + бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)25 мамырға дейін 5 мауысымынан 10 мауысымына дейін
Жасыл конвейер: (біржылдық шөптер)
30І мерзім (бұршақ + сұлы)10 мамырға дейін 8 мамырынан 10 мамырына дейін
31ІІ мерзім (сұлы + арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)25 мамырға дейін 23 мамырынан 25 мамырына дейін
32ІІІ мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)25 мамырға дейін 8 мауысымынан 10 мауысымына дейін
33ІV мерзім (рапс, сұлы)25 мамырға дейін 8 шілдесінен10 шілдесіне дейін
Көп жылдық шөптер
34І мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспорцет
Таусағыз
Кострец
Еркекшөп
15 мамырға дейін 5 мамырынан 15 мамырына дейін
35ІІ мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспорцет
Таусағыз
Кострец
Еркекшөп
25 мамырға дейін 5 шілдесінен 20 шілдесіне дейін
36Күздік қара бидай (жергілікті жемге)25 мамырға дейін 10 тамызынан 15 тамызына дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады