"Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шыққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне қоса берілген балабақшалар мен шағын орталықтар балынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындандалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Алданазароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Салтықов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімнің 2014 жылдың 01 шілдедегі № 348 қаулысымен бекітілді |