Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 524 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қазанда N 2972 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 656 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 24.12.2014 N 656 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. 2 қосымшасының тізбесіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық кандидатарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайлар берілсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі

С. Салтықов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы
      21 қазан 2014 жыл

Ю. Солунина


Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 524 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
 


р/с
 

Елді мекен атауы
 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
 

1.
 

Тайынша қаласы
 

"Достық" орталық аландағы ақпараттық стенд, Железнодорожный ш.а. мекен жайы бойынша орналасқан темір жол вокзалы ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд
 

   


Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 524 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай
 


р/с
 

Елді мекен атауы
 

Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
 
 

1.
 

Тайынша қаласы
 
 

Аудандық мәдениет үйі
 
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады