№ п/п
| Алушылар санаттары
| Айлық есептік көрсеткіштерде әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері
|
15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні
|
1
| 1. Бұрыңғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрыңғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрыңғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрыңғы
КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.
| жылына бір рет, 15
|
2
| Бұрыңғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контуция алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
| жылына бір рет, 15
|
3
| Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамындағы қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.
| жылына бір рет, 15
|
4
| Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.
| жылына бір рет, 15
|
5
| 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
| жылына бір рет, 15
|
6
| Бұрыңғы КСР Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.
| жылына бір рет, 15
|
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
|
7
| "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
| жылына бір рет, 5
|
26 сәуір – Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні
|
8
| 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттары мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.
| жылына бір рет, 15
|
9
| Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық аруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
| жылына бір рет, 15
|
10
| Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары.
| жылына бір рет, 15
|
11
| Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан суле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасылары.
| жылына бір рет, 15
|
12
| 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.
| жылына бір рет, 15
|
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
|
13
| Бұрыңғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігіне, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.
| жылына бір рет , 5
|
14
| Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары.
| жылына бір рет , 5
|
9 мамыр –Жеңіс күні
|
15
| Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
| жылына бір рет, 50
|
16
| Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрыңғы КСО Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
| жылына бір рет, 5
|
17
| Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мелекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.
| жылына бір рет, 5
|
18
| Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.
| жылына бір рет, 5
|
19
| Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
| жылына бір рет, 5
|
20
| Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрыңғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлерді, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.
| жылына бір рет, 5
|
21
| Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.
| жылына бір рет, 5
|
22
| Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
| жылына бір рет, 5
|
23
| Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
| жылына бір рет, 5
|
24
| 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
| жылына бір рет, 5
|
25
| Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысының объектілерді өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамын қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары.
| жылына бір рет, 5
|
26
| Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қарсы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері).
| жылына бір рет, 5
|
27
| Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдерімен наградталған адамдар.
| жылына бір рет, 5
|
2015 жылғы 9 мамырдағы Жеңіс күні
|
28
| Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
| жылына бір рет, 100
|
29
| Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдерімен наградталған адамдар.
| жылына бір рет, 25
|
|
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
|
30
| Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.
| жылына бір рет, 15
|
31
| Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси құғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ құғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси құғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады.
| жылына бір рет, 3
|
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
|
32
| Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
| жылына бір рет, 10
|
№
р/р
| Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылардың санаттары
| Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері
| Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
|
1
| 2
| 3
| 4
|
1.
| Жетімдер; ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар; қараусыз кәмелетке толмағандар, соның ішінде девиантты құлықтылары; туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психоденелік дамуынан мүмкіндіктері шектеулі балалар; дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне қарай ағза қызметінің тұрақты бұзушылықтары бар адамдар; айналадағыларға қауіп төндіретін, әлеуметтік маңызды аурулар және аурулар салдарынан өмірлік іс-әрекеті шектелген адамдар; шалдыққан ауруының және (немесе) мүгедектігінің салдарынан, қартаюына байланысты өзіне өзі күтім көрсетуге қабілетсіздігі жағдайда; әлеуметтік бейімсіздікке және депривацияға әкеп соққан қатыгез қатынас жағдайында; панасыздық (белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босаған кезде; қылмыстық-атқару инспекциясының сынақ қызметінің тіркеуінде тұрған жағдайда
| жартыжылдықта 1 рет, 5 минималды есептік көрсеткіш
| Өмірдің қиын жағдайы туындаған күннен 6 ай ішінде
|
2.
| Тайынша ауданы аумағында тұрып жатқан, табыстары жан басына шаққанда орташа күнкөріс деңгейінің 1,5 аспайтын, табиғи зіл-заланың немесе өрттің салдарынан жапа шеккендер немесе әлеуметтік маңыздылығы бар ауруға шалдыққан (қатерлі өскінімен тұлғалар, туберкулездің ауыр түрімен ауырғандар, мүгедек балалар) азаматтар
| 60
минималды есептік көрсеткіш
| өмірдің қиын жағдайы туындаған күннен 6 ай ішінде
|
3.
| Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан күндізгі оқу нысанда жоғары кәсіби білім органдарында балаларды оқыту үшін бекітілген деңгейден аспайтын жан басына шаққанда, күнкөріс минимумынан төмен отбасының тұтас табысы бар аз қамтылған отбасылар
| 160
минималды есептік көрсеткіш
| оқу жылының басында
|
4.
| Туберкулездың белсенді нысанымен ауыратындар, табыстарын есебінсіз
| 5 айлық есеп көрсеткіші
| тоқсанда
1 рет (2015 жылғы 1 қаңтардан)
|