Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 ақпанда N 2557 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 ақпандағы N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 19.02.2015 N 10 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабының 1 ,2-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында 24 сайлау учаскесі қоса берілген тізбеге сәйкес құрылсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 22 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-12-135 болып тіркелген, 2011 жылдың 22 қарашасында "Көтерілген тың" аудандық газетінде, 2011 жылдың 22 қарашасында "Нива" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповқа жүктелсін.
      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Е. Базарханов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің Тимирязев орталық
      аудандық ауруханасы"
      шаруашылық жүргізу
      құқығындағы мемлекеттік
      кәсіпорнының бас дәрігері
      2014 жылғы 15 қаңтар

Ж. Қосубаева

      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Солтүстік Қазақстан
      облысы бойынша
      Салық департаментінің
      Тимирязев ауданы бойынша
      Салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      2014 жылғы 15 қаңтар

А. Сүтемгенов

      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      2014 жылғы 15 қаңтар

Ж. Мәкенова


Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 2 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында сайлау учаскелері

      1. № 581 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ақсуат ауылы, Гагарин көшесі, № 13 үй, Ақсуат орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ақсуат ауылы, Юбилейная, Комсомольская, Молодежная, Мира, Строительная, Целинная, Сәбит Мұқанов, Пролетарская, Студенческая көшелері.
      2. № 582 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ақсуат ауылы, Сергей Лазо көшесі, № 37 үй, "Солтүстік Қазақстан электр жүйесін тарату компаниясы" акционерлік қоғамының Тимирязев аудандық электр жүйелерінің әкімшілік ғимараты (келісім бойынша);
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ақсуат ауылы, Животноводческая, Новая, Красноармейская, Березовая, Клубная көшелері.
      3. № 583 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Дзержинское ауылы, Школьная көшесі, № 16 үй, Дзержинский негізгі мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Дзержинское ауылы.
      4. № 584 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Дмитриевка ауылы, Абай көшесі, № 22 үй, Дмитриев орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Дмитриевка ауылы.
      5. № 585 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Жарқын ауылы, Школьная көшесі, № 30 үй, Жарқын орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Жарқын ауылы.
      6. № 586 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ынтымақ ауылы, Центральная көшесі, № 11 үй, Ынтымақ бастауыш мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ынтымақ ауылы.
      7. № 587 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Докучаево ауылы, Школьная көшесі, № 23 үй, Докучаев орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Докучаево, Северное ауылдары.
      8. № 589 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Есіл ауылы, Целинная көшесі, № 10 үй, Ишим негізгі мектебінің ғимараты,
      сайлау учаскесінің шекаралары: Есіл, Нарынгүл ауылдары.
      9. № 590 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Комсомольское ауылы, Комсомольская көшесі, № 14 үй, Комсомольский орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Комсомольское ауылы.
      10. № 591 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ленинское ауылы, Лесная көшесі, № 36 үй, Ленинский орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ленинское ауылы.
      11. № 592 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Москворецкое ауылы, Школьная көшесі, № 16 үй, Москворецкий орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Москворецкое ауылы.
      12. № 593 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Мичурино ауылы, Сәбит Мұқанов көшесі, № 17 үй, Мичуринский орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Мичурино ауылы.
      13. № 594 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Белоградовка ауылы, Ученическая көшесі, № 2 үй, Белоградов орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Белоградовка ауылы.
      14. № 595 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ақжан ауылы, Мира көшесі, № 6 үй, Ақжан негізгі мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ақжан, Приозерное ауылдары.
      15. № 597 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Степное ауылы, Элеваторная көшесі, № 5(а) үй, Степной орта мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Степное, Ракитное ауылдары.
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ракитное ауылы.
      16. № 599 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Дружба ауылы, Мира көшесі, № 30 үй, ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Дружба ауылы.
      17. № 600 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Тимирязев ауылы, Горький көшесі, № 34 үй, Тимирязев ауданы бойынша Салық басқармасының ғимараты (келісім бойынша);
      сайлау учаскесінің шекаралары: Тимирязев ауылы, Водопроводная, Горький №№ 14/1, 14/2, 15, 16, 17/1, 17/2, 18, 19, 25, 28, 36, 37, 38, 40, 42 үйлері, Терешкова, Первомайская, Целинная, Восточная, Тимирязевская, Шухова, Краснодарская, Юбилейная, Полевая, Мира, Комсомольский, №№ 2, 4, 5, 6, 7, 8/1, 8/2, 10, 11, 13, 18, 20, 21, 24, 27, 29, 34/1, 34/2, 35 үйлері, Приозерная, Молодежная көшелері, Октябрьский, Садовый, Шухова қиылыстары.
      18. № 601 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі № 11 үй, аудандық Мәдениет үйінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Тимирязев ауылы, Плетнев, Первоцелинников, Жеңіс, Урицкий, Өтеубаев, Кирова, Северная, Энергетиков-1, Энергетиков-2, Чкалов, Некрасов, Горький №№ 41, 43, 46, 47/1, 47/2, 48, 49, 50, 51/1, 51/2, 53, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68/1, 68/2, 69, 70, 71, 72, 73, 76/1, 76/2, 82/1 үйлері, Комсомольский №№ 39/1, 39/2, 41/1, 41/2, 43/2, 45/1, 45/2, 47, 49, 51, 53 үйлері, Дорожная, Пушкин, Фадеев, Шаталов, Дубровский, Комаров, Жұмабаев көшелері, Дорожный, Дубровский, Больничный қиылыстары.
      19. № 602 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Тимирязев ауылы, Жұмабаев көшесі № 10 үй, Тимирязев мектеп-интернатының ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Тимирязев ауылы, Бөкетов, Уәлиханов, Абай, Космонавтар, Бауыржан Момышұлы, Омаров, Новая, Тәуелсіздік, Олимпийская көшелері, Олимпийский 1, Олимпийский 2 қиылыстары.
      20. № 603 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Тимирязев ауылы, Североморская көшесі, № 34 үй, Сулы - Элеватор негізгі мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Тимирязев ауылы, Ленин, Гоголь, Брянская, Элеваторная, Гагарин, Североморская, Степная, Турищев, Кооперативная, Центральная, Рабочая, Дальняя, Школьная, Вокзальная көшелері, Школьный қиылысы.
      21. № 604 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Рассвет ауылы, Урожайная көшесі, № 4 үй, медициналық пункт ғимараты (келісім бойынша);
      сайлау учаскесінің шекаралары: Рассвет ауылы.
      22. № 605 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Хмельницкое ауылы, Калинина көшесі, № 16 үй, Хмельницкий ауылдық клубының ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Хмельницкое ауылы.
      23. № 606 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Целинное ауылы, Школьная көшесі, № 8 үй, Целинный бастауыш мектебінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Целинное ауылы.
      24. № 822 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ақсуат ауылы, Степная көшесі, № 9 үй, "Аксуатский элеватор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты (келісім бойынша);
      сайлау учаскесінің шекаралары: Ақсуат ауылы, Гагарин, Горький, Шевченко, Первомайская, Степная, Чкалова, Школьная, Сергей Лазо көшелері.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады