Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 21 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде 2009 жылғы 10 наурыздағы № 13-12-85 тiркелдi, 2009 жылғы 21 наурыздағы "Көтерілген тың" аудандық газетiнде, 2009 жылғы 21 наурыздағы "Нива" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы 2014 жылғы 28 ақпан |
С. Мұстафин |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 44 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласында мамандарының лауазымдары:дәрігер;
медициналық бике;
диетикалық бике.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:
үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
жұмыспен қамту орталығының маманы.
3. Білім беру саласында мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің басшысы, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеме басшысының бірінші орынбасары, қазыналық кәсіпорынның басшысы, қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары;
мұғалім;
социолог;
психолог;
тәрбиеші;
музыкалық жетекші;
нұсқаушы;
әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
әдіскер;
шебер;
оқытушы;
вожатый;
кітапхана, жатақхана, шеберхана меңгерушісі.
4. Мәдениет саласында мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің басшысы, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеме басшысының бірінші орынбасары, қазыналық кәсіпорынның басшысы, қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары;
бөлімше басшысы;
кітапхананың, мәдениет үйінің меңгерушісі;
әдіскер;
кітапханашы, аға кітапханашы;
библиограф;
режиссер;
аккомпаниатор;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.
5. Спорт саласында мамандарының лауазымдары:
бас маман, аға маман, нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.
6. Ветеринария саласында мамандарының лауазымдары:
ветеринарлық дәрігер;
ветеринарлық фельдшер.