Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 02.03.2018 № 46 (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес, Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына барлық үміткерлері үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. 2-қосымшасының тізбесіне сәйкес, Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына барлық үміткерлеріне таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде үй-жай берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысы Талғат Құрманғалиұлы Сағитовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 16 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Уәлиханов ауданының әкімі | А. Төрегелдин |
Келісілді | |
Уәлиханов аудандық сайлау | |
комиссияның төрайымы | Г. Жәкенқызы |
2014 жылы 15 шілдеде |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 195 қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына үміткерлерінің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ р/р | Ауылдық округінің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1 | Кішкенекөл | Тақталар: Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Уәлиханов аудандық бөлімі ғимаратының алдында |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 195 қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай
№ р/р | Ауылдық округінің атауы | Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай |
1. | Кішкенекөл | Кішкенекөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Уәлиханов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Гагарин көшесі, 79 |