"Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ауданның коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі |
А. Төрегелдин |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 188 қаулысына қосымша |
Ауданның коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесінің есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру Қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленді, және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесі есебінің тәртібін анықтайды.2. Коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалгерлік) ұсыну бойынша жылдық жалгерлік ақының есебі құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін қолданылатын коэффициенттер мөлшері және базалық мөлшерлемелер негізінде анықталады, және формула бойынша жасалады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф;
мұнда: Ап – коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінің 1 шаршы метрге жалгерлік ақының жылдық мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалгерлік ақының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшері
№ п/п | Базалық мөлшерлемелер | |
| Әкімшілік-аумақтық бірлік | Базалық мөлшерлемесінің мөлшері |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы | Сәйкесті жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші |
№ р/с | Коэффициент түрі | Коэффициент мөлшері |
1 | Құрылыс типін ескеретін коэффициент Кт: | |
| 1.1 әкімшілік | 1 |
| 1.2 өндірістік | 0,8 |
| 1.3 қойма, гараж, қазандық | 0,6 |
| 1.4 спорт құрылысы | 0,7 |
2 | Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк): | |
| 2.1 ғимарат | 1,0 |
| 2.2 ғимараттағы үй-жай | 1,0 |
| 2.2 ғимараттың нөлдік қабаты немесе жертөле | 0,7 |
| 2.3 жертөле үй-жайы | 0,6 |
3 | Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент Кск: | |
| 3.1 барлық инженерлік-техникалық қондырғылары бар үй-жайларына арналған қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді | 1,0 |
4 | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент Кр: | |
| 4.1 аудандық орталық үшін | 1,0 |
| 4.2 ауылдық елді мекендер үшін | 0,5 |
5 | Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент, Квд: | |
| 5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін | 2,5 |
| 5.2 сауда-коммерсиялық және жабдықтаушы-сатушы қызмет (өндірістік, өнеркәсіптік және аралас тауарлар, дәріхана және дәріхана пункттері), қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін | 2,5 |
| 5.3 банктік қызметтер, айырбастау пункттері, полиграфиялық қызметтер үшін | 2,0 |
| 5.4 брокерлік қызмет, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер, зейнетақы қорлары үшін | 3,0 |
| 5.5 коммуникациялық қызметтер, соның ішінде: байланыс қызметтері, АТС үшін | 0,7 |
| 5.6 халыққа қызмет көрсетуге арналған "Қазпошта" АҚ үшін | 0,5 |
| 5.7 қызмет көрсету үшін: - тұрмыстық және мәдени-демалыс қызметтері, тренажер залы, фитнес-клубтар, техникалық қызмет көрсету станциялар, шеберханалар - жерлеу қызметтері, кітапты жалға беру | 1,0 1,0 |
| 5.8 қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет көрсету үшін: - дәмхана, мейрамхана - буфет және асхана - білім ұйымдарындағы буфет пен асхана | 3,0 2,0 0,5 |
| 5.9 білім саласындағы қызмет көрсету үшін (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт үйірмелері, денсаулық сақтау және мәдениет | 0,5 |
| 5.10 өндірістік қызмет үшін | 1,0 |
| 5.11 көлік жай, қойма, сақтау камералары үй-жайлары үшін | 1,0 |
| 5.12 оқу қызметі үшін | 1,0 |
| 5.13 5.1-5.12 - тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін | 1,0 |
6 | Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент Копф: | |
| 6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жеке кәсіпкерлер үшін 6.2 жеке меншік нысанымен құрылымдарға арналған (серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, ұлттық компаниялар) 6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін 6.4 мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер үшін: - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға арналған; - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімдіктің коммуналдық меншігіндегі тиісті бюджет деңгейіндегі мүлік жалдаушыларға 6.5 жеке тұлғалар үшін | 0,9 2,0 0,5 0,9 Жалдау ақысын алмай 1,0 |
Көлік құралдарын, құрылыс, жұмыс және ауыл шаруашылық машиналарды, жабдықтарды, инженерлік желілерді, коммуникацияларды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін есептемегенде, мүліктік жалға беру ақысын есептеу тәртібі
1. Есептеу мөлшерлемесін формула арқылы анықтау:
п = С х Nam /100 х КП
мұнда:
Ап – жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының ставкасы;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).