Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 3-29c шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда N 3092 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы N 6-35с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 04.11.2015 N 6-35с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысысына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      V шақырылған
ХХІХ сессия төрағасы
А.Валеев
      Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Кәдіров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2014 жылғы желтоқсан
Е.Сұлтанов

  Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 3-29 с шешімімен бекітілген

Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағида), әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін, мөлшерлерін белгілейді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы "Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұрақты тұратындарға тарайды.
      4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігімен "Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай көмек көрсету болып табылады.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылсайын көрсетіледі. Өмірлік қиын жағдайға тап болғанда көмек бір рет қана көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ жеке санатқа Алушыларға әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық жергілікті атқарушы органның келісілген біркелкі мөлшерде белгілейді.
      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
      9. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша, бөлінген бюджеттік қаражат шегінде екінші деңгейлі банктер немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамы арқылы ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына аудару жолымен жүргізілсін.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      10. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке жүгінгеннен кейін көрсетілген жағдайдың алты айынан аспайтын мерзімінде ғана, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК) артық емес әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) облыстық статистика органымен жасалаған есеп бойынша 1,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тіс протездеуге мұқтаждығы, кіріс есебінсіз тапсырылған шот-фактура құнының мөлшерінде (қымбат металдан және металл керамика, металл акрилден жасалған протездерден басқа) екі жылда бір реттен артық емес;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы, кіріс есебінсіз санаторлық-курорттық емделуге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және отынға төлеуге мұқтаждығы, кіріс есебінсіз 5 АЕК мөлшерінде, ай сайын;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтерін көрсету мұқтаждығы, кіріс есебінсіз 1 АЕК мөлшерінде, ай сайын;
      8) мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы болған жағдайда, барлық топтағы мүгедектерге Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлы-курорттық емделуге мұқтаждығы, кіріс есебінсіз 50 АЕК мөлшерінде, жылына бір рет;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан күндізгі нысанды бар жоғары кәсіби білім органдарда аз қамтылған азаматтарды оқыту үшін, жан басына шаққандағы орташа табысы, көрсетілген мерзімде кедейлік шегінен аспайтын жағдайда, тиісті оқу жылының оқу құны, бірақ 200 АЕК артық емес жағдайда;
      10) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалардың мұқтаждығы тоқсан сайын кіріс есебінсіз 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде денсаулық сақтау мекемесінен анықтама көрсетуі бойынша;
      11) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2018 Қаулысына сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар бар болған азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы, көрсетілген мерзімде кедейлік шегінен аспайтын жағдайда, емделудің құны бойынша, бірақ 200 АЕК артық емес жағдайда.
      12. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде бекітілген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі бекітілген тізім бойынша көрсетіледі.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжаты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;
      3) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      18. Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      24. Осы қағидалардың 21 және 22 көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      26. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайларда;
      3) әлеуметтік көмек көрсету үшін тұлғаның (отбасының) орташа жанға шаққандағы кірісінің асуы.
      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      29. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Уәлиханов ауданын шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      30. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, атаулы күндер мен мереке күндері алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің еселігі мен мөлшері

р/с№
 
Алушылар санаттары
 
Әлеуметтік көмек мөлшері мен еселігі
15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жұрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.
 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
2
 
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
3
 
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
4
 
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруңа шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
5
 
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
6
 
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
 
1
 
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқыны" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
26 сәуір – Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні
 
1
 
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
2
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
3
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
4
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, азаматтардың, сондай-ақ азаматтардың отбасы. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
5
 
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағынандағы балаларды қоса алғанда. 
Жылына бір рет - 15 ай-лық есептік көрсеткіш
 
9 мамыр – Жеңіс күні
 
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
 
Жылына бір рет – 50 айлық есептік көрсеткіш (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда)
 
2
 
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
3
 
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
4
 
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
5
 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
6
 
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
7
 
Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
8
 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
9
 
Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
10
 
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
11
 
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
12
 
Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi). 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
13
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көр-сеткіш (2015 жылғы 9 ма-мырды қоспағанда)
2015 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні
 
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
 
Жылына бір рет – 100 ай-лық есептік көрсеткіш 
2
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар. 
Жылына бір рет - 25 айлық есептік көрсеткіш 
7 мамыр – Отанды қорғау күні
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы. 
Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш
 
2
 
Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы. 
Жылына бір рет- 5 айлық есептік көрсеткіш 
31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiннен тiкелей зардап шеккен және қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш 
2
 
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне құғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
1) бұрыңғы КСРО Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
3) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
4) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Ішкі істер халық комиссариаты – Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі – Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңстің, КСРО Прокуратурасы мен КСРО іскі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
5) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларға қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
3
 
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады. 
Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш
 
4
 
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоңыс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуған-сүргіндер құрбандарының балалары танылады. 
Жылына бір рет - 3 айлық есептік көрсеткіш
 
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
 
1
 
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары. 
Жылына бір рет - 10 айлық есептік көрсеткіш
 

 
  Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

            Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

            Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

            _________________________ ________________________

            (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

 
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
 
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
       Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
       (қолы)

  Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

            Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

            20__ ж. "___" _______

            _____________________

            (елді мекен)

       1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
       2. Тұратын мекенжайы _____________________________________________
       __________________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______адам, оның ішінде:

Р/с

 
Т.А.Ә.
 
Туған күні
 
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
 
Жұмыспен қамтылмау себебі
 
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
 
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
       Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____адам.
      Балалардың саны: ______________________________________________жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
       _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
      ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
       __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с

 
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
 
Табыс түрі
 
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
 
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
 
тоқсанға
 
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      6. Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
       ___________________________________________________________________________
       __________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) __________________________________________________
       _____________________________________________________________________
       _____________________________________________________________________
       7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
       _____________________________________________________________________
       8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
       _____________________________________________________________________
       9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы __________________
       ________________________________________________________
       Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________
       Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
       Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
       _____________________________________________________________________
       (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша

            Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

       20__ ж. ___ ______
      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
       _____________________________________________________________________
       (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
       өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
       _____________________________________________________________________
       (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
       адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
       Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
       Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Қорытынды
       қоса берілген құжаттармен ___ данада
       20__ ж. "___" ___________ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады