Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау саласында, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы N 52 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде N 2697 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы N 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 29.01.2016 N 21 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына, Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау саласында, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. "Ауылдық (селолық) жерлерде қызмет атқарғандары үшін лауазымдық жалақыларына үстемақы белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 мамырдағы № 51 (нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 29 сәуірдегі № 13-14-56 тіркелді, 2008 жылдың 14 қыркүйегіндегі № 38 аудандық "Парыз" және 2008 жылғы 14 қыркүйектегі № 38 "Новатор" газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Солтүстiк Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімі
М. Омаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шал ақын ауданының
мәслихатының хатшысы
2014 жылғы 27 наурыз
Н.Г.Дятлов

  Солтүстік Қазақтан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 52 қаулысына
қосымша

Ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау саласында, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның, соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның, соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
      3) мұғалім;
      4) социолог;
      5) психолог;
      6) тәрбиеші;
      7) музыкалық жетекші;
      8) нұсқаушы;
      9) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
      10) әдіскер;
      11) шебер;
      12) оқытушы;
      13) вожатый;
      14) кітапхана меңгерушісі;
      15) жатақхана меңгерушісі;
      16) шеберхана меңгерушісі.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
      2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
      3) бөлімше басшысы;
      4) кітапхананың меңгерушісі;
      5) мәдениет үйінің меңгерушісі;
      6) әдіскер;
      7) кітапханашы;
      8) аға кітапханашы;
      9) библиограф;
      10) режиссер;
      11) аккомпониатор;
      12) мәдени ұйымдастырушы;
      13) хореограф.
      4. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) дәрігер;
      2) медициналық бике;
      3) диетикалық бике.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) нұсқаушы;
      2) шебер;
      3) әдістемеші;
      4) жаттықтырушы.
      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринариялық дәрігер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады