Ауылдық (селолық) жерлерде қызмет атқарғандары үшін лауазымдық жалақыларына үстемақы белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 51 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 сәуірде N 13-14-56 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы N 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 28.03.2014 N 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ауылдық (селолық) жерлерде қызмет атқарғандары үшін лауазымдық жалақыларына үстемақы белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет лауазымдық мамандарының тізбесі анықталсын.
      2. Тізбе Шал ақын ауданы мәслихатына келісуге ұсынылсын.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                А. Әмрин

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 25 наурыздағы № 51
қаулысына қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде қызмет атқарғандары үшін лауазымдық жалақыларына үстемақы белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет лауазымдық мамандарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымы:
      1) әлеуметтік қызмет маманы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымы:
      1) мектеп директоры;
      2) оқу-тәрбие және тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары;
      3) әкімшілік шаруашылық бөлімі бойынша мектеп директорының орынбасары;
      4) мұғалім;
      5) әлеуметтанушы;
      6) психолог;
      7) әдіскер;
      8) балабақшаның меңгерушісі;
      9) тәрбиеші;
      10) тәрбиешінің көмекшісі;
      11) ән-күй жетекшісі;
      12) нұсқаушы;
      13) үйірме жетекшісі;
      14) медбике;
      15) бастаушы;
      16) лаборант;
      17) интернат, шеберхана меңгерушісі;
      18) көркемөнер жетекшісі;
      19) кітапханашы;
      20) мектепке дейінгі дайындық сыныбының жетекшісі;
      21) өндірістік оқыту шебері;
      22) оқу бөлімінің хатшысы;
      3. Мәдениет мамандарының лауазымы;
      1) кітапханашы;
      2) мәдени ұйымдастырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады