Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі N 166 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде N 2888 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал қына ауданы әкімінің аппараты 26.12.2014 N 15.1.1-11/772 хаты)

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал қына ауданы әкімінің аппараты 26.12.2014 N 15.1.1-11/772 хаты).
      «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекiтiлген, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасының 50-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебінің тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Е.А.Исинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

М.Омаров


Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 166 қаулысына қосымша

Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау

      1. Осы есеп ауданның коммуналдық мүлкін (бұдан әрі – Есеп) мүліктік жалға (жалдауға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес әзірленді, және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тәртібін айқындайды.
      2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық жалдау ақысының есебі құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен көлемдері негізінде белгіленеді және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерінің жылына 1 шаршы метрге жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс типін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің көлемі және базалық мөлшерлемесі, құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалға алушы ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға алуға) беруге жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескеріледі.
 
 

№ р/с

Базалық мөлшерлемесі

 

Әкімшілік - аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлемесінің көлемі

1

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы

сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші

№ р/с

Коэффициент түрі

Коэффициент көлемі

1

Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, көлікжай, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттары (стадиондар, спорт залдары)

0,7

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

2.5 ғимараттағы үй-жай

0,6

3

Үй-жайдың қолайлылығын ескеретін коэффициент (Кск)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр қуаты, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері
жоқ болса, әрбір түрге 0,1 азаяды.

1
 

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):


 

4.1 аудандық орталықтар үшін

1

4.2 ауылдық елді мекендер үшін

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):



5.1 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3
 

5.2 коммуникациялық қызмет үшін, соның ішінде байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон станциясы, пошталар, есептік-кассалық орталық банктар

2

5.3 айырбастау пунктері үшін

5

5.4 тренажер залдары, фитнес - клубтар, техникалық қызмет көрсету стансалары, шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру үшін

2

5.5 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй қызметтері, сауда және сауда - саттық қызметтерін, дәріхана және дәріханалық пункттер ұйымдастыру үшін

3

5.6 оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін

0,5

5.7 білім беру (мектептен тыс, оқушылар үшін үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдерге дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында қызметтер көрсету үшін

1

5.8 өндірістік қызмет үшін

2


5.9 көлікжай, қойма, сақтау камераларына арналған үй-жай үшін

2


5.10 басқалар үшін

1,5

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):


 

6.1 жеке кәсіпкерлер үшін өндірістік қызметті ұйымдастыру және тұрғындарға қызмет көрсету саласын дамыту, тек сауда-делдалдық қызметсіз

1

 

6.2 жеке меншік үлгісімен құрылым үшін
(акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

2

 

6.3 қоғамдық ұйымдар және бірлестік үшін

1

 

6.4 қалғандары үшін

1

   

      3. Көлік құралдарын, аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
      Көлік құралдарын, аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда: Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады С= (Sбал.* Nамор.),
      мұнда:
      S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
      N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде анықталады.
 
 

№ р/с

Коэффициент түрі

Коэффициент мөлшері

1

Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1



Автокөлік құралдары;
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылғанда
- 5 жылдан артық пайдаланылғанда
 

1,2
1


жабдықтар
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылғанда
- 7 жылдан артық пайдаланылғанда
 

1,2
1

2

Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2



Автокөлік құралдары, жабдық
- аудан орталығы аумағында пайдаланылғанда
- ауданның басқа аумақтарында пайдаланылғанда

1,4
1

   

      4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1 тең коэффициент қабылданады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады