Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 246-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 2892 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 495 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2561 санымен тіркелген, 2010 жылы 18 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімінің 5 қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:

      5-қосымшаның 1.3.6.– жолы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.

Сессия төрағасы

Ө. Жанбала

Мәслихат хатшысы

С. Лұқпанов


  Облыстық мәслихаттың ХХІІ
сессиясының 2014 жылғы
10 сәуірдегі 246-V
шешіміне қосымша
Облыстық мәслихаттың ХХ
сессиясының 2010 жылғы
27 қаңтардағы 306-ІV
шешіміне 5 қосымша

      Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1.3.6.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (ГБК) үшін

0,009



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады