2014 жылға басым дақылдар тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар - жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялау нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 231 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 тамызда № 2977 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 27 – бабы 1 – тармағының 5) тармақшасына37 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар – жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидасының 8 тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес 2014 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі;
      2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес 2014 жылға арналған көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар – жағармай материалдарының, басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының субсидиялау нормалары белгіленсін.
      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ. И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ___________ А. Мамытбеков
      2014 жылғы "___" ________

Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 тамыздағы 
№ 231 қаулысына 1 – қосымша

2014 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі

№ р/с Басым дақылдардың атауы

1

Арпа

2

Тары

3

Майлы дақылдар (мақсары)

4

Картоп

5

Көкөніс және бақша дақылдары

6

Қорғалған топырақтағы көкөністер

7

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

8

Сүрлемдік жүгері

9

Мал азықтық тамыр жемістілер

Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 тамыздағы 
№ 231 қаулысына 2 – қосымша

2014 жылға арналған көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар – жағармай материалдарының, басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының субсидиялау нормалары

№ р/с Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы 1 гектарға бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге

1

Дәнді дақылдар (арпа, тары жемге)

550,0

2

Майлы дақылдар

3400,0

3

Картоп (дәстүрлі технология)

30000,0

4

Картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару технологиясы)

70000,0

5

Көкөніс, бақша дақылдары (дәстүрлі технология)

20000,0

6

Көкөніс, бақша дақылдары (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару технологиясы)

60000,0

7

Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылыжайларда өсірілетін көкөністер

5000000,0

8

Қорғалған топырақта фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөністер

4000000,0

9

Бірінші жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

45000,0

10

Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

4000,0

11

Сүрлемдік жүгері

8000,0

12

Мал азықтық тамыр жемістілер

10000,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады