Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 315-V қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда № 3015 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 495 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2561 санымен тіркелген, 2010 жылы 18 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімінің 3 қосымшасына келесі толықтыру енгізілсін:

      3 тармақ "керосин" сөзімен толықтырылсын

      3 қосымшаның 3–тармағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.

      Сессия төрағасы Ю. Кустадинчев
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов


Облыстық мәслихаттың ХХІV сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі№315-V шешіміне қосымша


Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының 2010 жылғы 27 қаңтардағы №306-ІV шешіміне 3 қосымша

Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады