Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 249 "Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 07 қарашадағы № 338 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 желтоқсанда № 3046 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 2737-баптарына және «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3,13-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 249 «Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2763 тіркелген, 2013 жылғы 8 тамыздағы «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесінде:
      бүкіл мәтін бойынша мемлекеттік тілдегі «селосына» деген сөз «ауылына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      16 және 17-бағандардағы «1» және «804,0» деген сандар алынып тасталсын;
      «Барлығы» деген жолда:
      16-бағандағы «29,00» деген сан «28,00» деген санмен ауыстырылсын;
      17-бағандағы «2169,00» деген сан «1365,00» деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрлігі
      Автомобиль жолдары комитетінің
      төрағасы___________М. Пшембаев
      07 қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады