Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 18 шiлдедегi № 14-4 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 ақпандағы № 18-6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 ақпанда № 2854 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 19-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 30.04.2014 № 19-10 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 шiлдедегi № 14-4 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2758 санымен тіркелген, "Кең Жылыой" газетінде 2013 жылғы 22 тамызда жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 3 тармақта:
      "2 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 7 тармағының 9) тармақшасы" сөздермен толықтырылсын;
      2) қағиданың 7 тармақтың 3) тармақшасы:
      уәкілетті органға:
      мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және /немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      2. Шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Сұлтановқа) жүктелсiн.
      3. Осы шешiмнің 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1 тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi, ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың XVІІІ
      сессиясының төрағасы                       О. Акдрашев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады