Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 20.12.2023 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 16-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 16-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Х. Жамалов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХІІІ сессиясының төрағасы |
Х. Жамалов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Кенғанов |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 шешімімен бекітілген |
Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 25.03.2022 № 16-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Құлсары қаласы аумағы шағын аудандарға бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Құлсары қаласы әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы, Құлсары қала әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Құлсары қаласы әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын аудандардан қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы шағын ауданда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Құлсары қаласы әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Құлсары қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне беріледі.
13. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі келесідей болып белгіленсін:
Құлсары қаласы | |||||
р/с | Шағын аудандар | Тұрғындар саны | Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысатын адамдар саны | Кәмелетке толмағандар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар саны | Өкілдер саны |
1 | "Барлаушы" шағын ауданы (№93, №94, №95, №96, №97, №98, №99, №100, Ы.Мұхамбетов көшелері); | 743 | 427 | 316 | 1 |
2 | "Самал" шағын ауданы (№75, №76, №77, №78, №282, №336, №337, Д.Алдахов, Б.Нысанбаев, С.Шарипов, Б.Қызылбасов, Қ.Кенжеғалиев көшелері, және Махамбет даңғылының бойындағы үйлер); | 1438 | 826 | 612 | 1 |
3 | "Мұрагер" шағын ауданы (№311, №312, №313, №314, №315, №316, Ш.Оразалиев көшелері); | 593 | 339 | 254 | 1 |
4 | "Мерей" шағын ауданы (Б.Атағожиев, А.Мұханбаев, Т.Мәмбетов, Т.Дешенов, К.Көзеев, №87, №88, №89, №90, №91, №92 көшелері); | 985 | 566 | 419 | 1 |
5 | "Шұғыла" шағын ауданы (№129, №130, №131, №132, №133, №134, №135, №136, №137, №138, №139, №140, №141, №142, №143, №144, №145, №146, №147, №148, №149, №150, №275, №280, №281, №302, №303, №307, №308, №310, Д.Әжіғалиев көшелері); | 2244 | 1397 | 847 | 2 |
6 | "Мұнайшылар" шағын ауданы (Т.Құлтумиев, Қ.Есалиева, М.Сатыбалдиев, Қ.Байшаханов, Ә.Карабалин, А.Кемелов, Д.Жазықбаев, М.Далбаев, М.Боранбаева, А.Беклиев, Ұ.Абдрахманов, Е.Халықов, №151, №152 көшелері және Махамбет даңғылының бойындағы үйлер); | 2248 | 1398 | 850 | 2 |
7 | "Мереке" шағын ауданы (№101, №102, №103, №104, №120, №121, №122, №123, №124, №125, №126, №127, №128, №271, №272, №273, №274, К.Қашаған, Т.Бекбаулиев, Х.Ғабдуллин, З.Есенов, К.Төлесінов, Т.Даулетов, А.Сұлтанов, №100 көшелері); | 3561 | 2040 | 1521 | 3 |
8 | "Думан" шағын ауданы (№181, №182, №183, №184, №185, №186, №187, №188, №189, №190, №191, №192, №193, №194, №195, №196, №197, №198, №299, №301, №374, О.Ыбраев, А.Бисенбаев, Б.Шөкеев, М.Алиев, М.Мұхтаров, А.Бегебаев, С.Самарханов, Р.Қараманов, Б.Ербосынов, Б.Бисенқұлов, А.Дүйсенбеков, И.Тайманов көшелері); | 4521 | 2648 | 1873 | 3 |
9 | "Бірлік" шағын ауданы (Ж.Ізтұрғанов, №153, №154, №155, №156, №157, №158, №159, №160, №161, №162, №163, №164, №165, №166, №167, №168, №169, №170, №171, №172, №173, М.Нұрманов, Д.Артығалиев, К.Барахатов, Б.Бойжанов, Төле би, А.Завершинский көшелері, Махамбет даңғылы бойындағы үйлері); | 4220 | 2454 | 1766 | 3 |
10 | "Атамұра" шағын ауданы (№236, №237, №238, №239, №240, №241, №242, №243, №244, №245, №246, А.Қорғанбаев, А.Тайпанов, С.Карабалин, К.Иманғалиев, Ө.Ақтоғайұлы, А.Аманбаев, Б.Өтеулиев көшелеріндегі үйлер; Нарынбай батыр көшелері); | 2600 | 1429 | 1171 | 2 |
11 | "Теміржол" шағын ауданы (№259, №309, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов көшелері); | 1403 | 790 | 613 | 1 |
12 | "СМП-615" шағын ауданы (№250, №251, №252, 253, №254, №255, №256, №257, №258, №283,№284, №285, №286, №287, №288, №289, №290, №291, №292, №293, №294, №295, №296, №297, №298, №305, 306, Нарынбай батыр көшесінің шығыс жағындағы үйлер); | 1651 | 928 | 723 | 1 |
13 | "Автожолшылар" шағын ауданы (№200, №339, №340, №341, №342, №343, №344, №345, №346, №347, №348, №349, №350, №351, Н.Оңдасынов, Қ.Аманжолов, А.Қауқаев, Ғ.Қожағұлов, Е.Тауманов, Б.Шолақ, А.Секербаев, С.Датов көшелері); | 3323 | 1886 | 1437 | 2 |
14 | 1 шағын ауданы (Ж.Таңқыбаев, №217, №218 көшелері); | 4813 | 2808 | 2005 | 3 |
15 | 3 шағын ауданы (№219, №220, №221, №222, Қ.Сатанғұлов, Ш.Ізбасов көшесінің 3 шағын ауданы жағындағы үйлері); | 4488 | 2619 | 1869 | 3 |
16 | "Кең Жылыой" шағын ауданы (Ғ.Сарқытов, І.Жансүгіров, Қ.Сағырбайұлы, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, №79, №80, №81, №82, №83, №84, №85, №86 көшелері және Махамбет даңғылы бойындағы үйлер); | 1591 | 915 | 676 | 1 |
17 | "Жадырасын" шағын ауданы (№38, №39, №40, №41, №42, №43, №44, №45, №46, №47, №48, №49, С.Мұханов, М.Дулатов, Қ.Қуатбаев, Т.Қазанғапұлы, С.Торайғыров, Ғ.Құрманғалиев, Ш.Уалиханов, Б.Момышұлы, К.Закарияұлы көшелері); | 1966 | 1096 | 870 | 2 |
18 | "Достық" шағын ауданы (№105, №106, №107, №108, №109, №110, №111, №112, №113, №114, №115, №116, №117, №118, №119, №121, №174, №175, №176, №177, №178, №179, №180 №338, Е.Омаров, Н.Арқабаев, Д.Тәттібаев көшелері); | 2653 | 1524 | 1129 | 2 |
19 | "Мирас" шағын ауданы (А.Жангелдин, Д.Нұрпейсова, М.Жұмабаев, М.Маметова, А.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ө.Алдахов көшелері); | 968 | 551 | 417 | 1 |
20 | "Автожолшылар" шағын ауданы (№199, №201, №202, №203, №204, №205, №206, №207, №208, №209, №210, №211, №351, №352, №353, №354, №355, №356, №357, №358, №359, №360 №361, №362, №363, №364, №365, №366, №367, №368, №369, №212, №213 №214, №215, №216, С.Дүйсенбеков көшелері); | 3541 | 2019 | 1522 | 3 |
21 | "Береке" ықшам ауданы (№277, №278, №375, №376, №377, №378, №379, №380, №381, №382, №383, №384 көшелері); | 483 | 274 | 209 | 1 |
22 | "СМП-224" шағын ауданы (№266, №267, №268, №269, Р.Балмұханов, М.Таңқыбаев көшелері); | 1582 | 891 | 691 | 1 |
23 | "Атамұра" шағын ауданы (№260, №261, №262, №263, №264, №265, №279, №304, №247, №248, №249 көшелері, Нарынбай батыр көшесінің батыс жағындағы үйлер); | 934 | 529 | 405 | 1 |
24 | 2 шағын ауданы (№232, №233, №234, №235, М.Кенғанов көшелері, Ш.Ізбасов көшесінің 2 шағын ауданы жағындағы үйлер); | 2178 | 1167 | 1011 | 2 |
25 | 4 "а" шағын ауданы (Төремұрат батыр, №227, №228, №229, №230, №231, №300, №317, №318, №319, №373 көшелері, Ш.Ізбасов көшесінің 4 шағын ауданы жағындағы үйлер, | 1951 | 1129 | 822 | 1 |
26 | 5 шағын ауданы (№223, №224, №225, №226, №270, Қ.Сыдықов, Ұ.Махамбетов, І.Сариев көшелері); | 2318 | 1352 | 966 | 1 |
27 | "Аэропорт" шағын ауданы (№50, №51, №52, №53, №54, №55, №56, №57, №58, №59, №60, №61, №62, №63, №64, №65, №66, №67, №68, №69, №70, №71, №72, №73, №74, №276, №320, №321, №322, №323, №324, №325, №326, №327, №328, №329, №330, №331, №332, №333, №334, №335, №370, №371, №372, Ж.Надиров, Қ.Мұңайтпасов, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Д.Қонаев, С.Иманғалиев, Н.Аязбаев, О.Мекебаев көшелері). | 4220 | 2463 | 1757 | 3 |