1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Ізбасов |
Ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "02 " желтоқсандағы № 551 қаулысымен бекітілді |
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2011 жылқы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылқы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану тәртібін айқындайды.2. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.
3. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi.
2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану
4. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізіп және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысы негізінде тиісті әкім аппаратының теңгеріміне бекітіледі. Тізбеге енгізу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - Тізімдеу актісі) негізінде жүргізіледі.5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар олардың уақытша күтімге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім-шарт негізінде бекітіледі.
7. Жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде жануарларды күтімге алу үшін қажетті жағдайы болуы ескеріледі.
8. Жануарларды бағу мен пайдалануға берілген тұлғалар, жануарлардың өлім-жітімі мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кінәсі болған кезде ғана және сол жануарлардың шекті құны мөлшерінде жауапты болады.
9. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес пайдаланылады.
10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - комиссия) уақытша күтімдегі мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.