Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 ақпандағы № 68 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 160 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 ақпанда № 2851 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Махамбет аудандық мәслихатының 30.05.2014 № 207 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 ақпандағы № 68 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 27 ақпандағы № 2699 санымен санымен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде 2013 жылғы 14 наурызындағы № 11 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4-тармақта:
      "2-тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 7-тармағының 9) тармақшасы" сөздермен толықтырылсын;
      2) қағиданың 7-тармағының 3) тармақшасы:
      уәкілетті органға:
      мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;"
      1) қағиданың 9-тармағының 3) тармақшасы мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді, орысша тілінде жаңа мәтінде мазмұндалсын:
      "3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанции за природный газ";
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Ш. Торбаева) жүктелсін.
      3. Осы шешімнің 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 18-сессиясының төрағасы                С. Бисалиев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады