РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Жаңабаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Махамбет аудандық мәслихаттың | |
кезекті 25-сессиясының төрағасы | В. Розинов |
25 шілде 2014 ж. | |
Махамбет аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | А. Құрманбаев |
25 шілде 2014 ж. | |
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 424 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы.
Меңгеруші, оның ішінде: интернат, кабинет, кітапхана, бөлімше, шеберхана, мектепке дейінгі ұйымның, зертхана, оқу- тәрбие қызметімен тікелей айналысатын.
Лагерьдің бастығы (еңбек және демалыс).
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, тәрбиеші, педагог ұйымдастырушы, дене тәрбиесінің жетекшісі, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, педагог-психолог, аға тәлімгер, музыкалық жетекші, музыка танушы, аккомпаниатор, концертмейстер, хореограф, еңбек жөніндегі нұсқаушы, білім беру ұйымдарының әдіскері, әлеуметтік педагог, қосымша білім педагогы, кітапханашы, медициналық бике, емдәм бикесі.
3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа).
Меңгеруші, оның ішінде: кітапхана, клуб.
Мамандар (бас, аға), оның ішінде: көркемдік жетекші, аккомпаниатор, әртіс, кітапханашы, библиограф, редактор, режиссер, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссері, солист, кинобейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, мәдени ұйымдастырушы, әдіскер, суретші, хореограф, дирижер, концертмейстер, музыкалық жетекші, хормейстер, үйірме жетекшісі.