Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 159 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қыркүйекте № 2981 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 10.10.2014 № 192 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Б. Мусинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Сұлтанбеков

      КЕЛІСІЛДІ:
      Исатай аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              Б. Қарабаев
      2014 жылғы 29 тамыз

Аудан әкімдігінің   
2014 жылғы 29 тамыз № 159
қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы Орналасқан жері Орналасу үшін нысанның атауы

1

Аққыстау селосы

Е.Қазақстан көшесі, 5а

Исатай ауданы мәслихатының әкімшілік ғимараты жанындағы ақпараттық тақта

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады