Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 215 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда № 2969 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 314 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 02.12.2014 № 314 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына және аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 шілдедегі № 242-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Тулеушовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Умаров

      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      сессиясының төрағасы                       А. Мендалиева
      6 тамыз 2014 жыл

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Жолмағамбетов
      6 тамыз 2014 жыл

Аудан әкімдігінің  
2014 жылғы 7 тамыздағы
№ 215 қаулысына қосымша

Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:
      1) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

      2. Білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі:
      1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      3) мектепке дейiнгi қазыналық кәсiпорын басшысы;
      4) мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, әдіскер, шеберхана меңгерушісі, алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, тәлімгер, тәрбиеші, интернат-меңгерушісі, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бике, музыкалық жетекші, хореограф, педагог-психолог, зертханашы, дене тәрбиесінің нұсқаушы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.

      3. Мәдениет мамандары лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
      2) көркемдік жетекші;
      3) кітапхана меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға): әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, солист, дыбыс режиссері, әдістемеші, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы суретшілер, хореограф, библиограф, дирижер, концертмейстер, музыкалық жетекші, үйірме жетекшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады