Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 02.10.2014 № 428 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Ғ. Қалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Ж. Бектемиров
"Келісілді"
Құрманғазы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________ А. Изжанов
2 қыркүйек 2014 жыл
Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 412 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
№ | Елді мекеннің атауы | Орналасқан жері | Орналасу үшін нысанның атауы |
---|---|---|---|
1 |
Ганюшкин селосы |
Абай көшесі, 50 |
"Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" мемлекеттік кәсіпорынының алдыңғы алаңындағы ақпараттық тақта |