Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 13 маусымдағы № 169 "2012-2013 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2080-нөмiрмен тiркелген, 2012 жылғы 29 маусымда "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 5-қосымшасында:
"ЖШС "Ізденіс" көп салалы колледжі" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |