Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданындағы Зертас, Кемеқалған, Киелітас ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 327 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/235-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 2892 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданының әкімдігі мен Төлеби аудандық мәслихатының ұсынысы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданындағы Зертас ауылдық округінің әкімшілік шекарасына бұрынғы Қазығұрт ауылдық округінен жалпы көлемі 1244,04 га жер бөлігін, Кемеқалған ауылдық округінің әкімшілік шекарасына бұрынғы Ақжар ауылдық округінен жалпы көлемі 635,84 га жер бөлігін, Зертас ауылдық округінен жалпы көлемі 382,83 га жер бөлігін, Киелітас ауылдық округінің әкімшілік шекарасына бұрынғы Қазығұрт ауылдық округінен жалпы көлемі 4918,48 га жер бөлігінің қосылуымен Зертас, Кемеқалған және Киелітас ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы
      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      Ә.Бектаев
      С.Қаныбеков
      Е. Садыр
      С.Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      Р.Исаева

А.Мырзахметов
А.Мамытбеков
Қ.Ержан
 
 
 
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады