Шымкент қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 495 бірлескен қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 33/214-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 сәуірде № 2595 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 2143 бірлескен қаулысымен және Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 41/283-5с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 07.10.2014 № 2143 бірлескен қаулысымен және Шымкент қалалық мәслихатының 07.10.2014 № 41/283-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 3 тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 371 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/177-V «Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы, Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының шекаралары белгіленсін.
      2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 7 маусымдағы № 1164 және Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 40/397-3с «Шымкент қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-57 тіркелген 2007 жылғы 20 шілдеде № 29 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысының және шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі                    Д.Сатыбалды

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Д.Усенов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н.Бекназаров

Шымкент қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы № 495
және Шымкент қалалық мәслихатының
2014 жылғы № 33/214-5с бірлескен
қаулысына және шешіміне қосымша

Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы.

      Шекаралары: Шығыс бөлігінен Әл- Фараби ауданымен шектеседі, аумағы қаланың батыс бөлігінде орналасқан.
      Шұбарсу ауылының батыс бөлігіндегі Шұбарсу өзенінің бойындағы кірпіш зауытының оңтүстік шекарасынан басталып оңтүстік шығыс бағытқа топырақ жолдың бойымен Таскешу ауылы мен Қайнар Бұлақ ауылының ортасынан өтіп Батыс Европа - Батыс Қытай автожолына келеді де автожолдың оңтүстік жақ бойымен жүріп Шымкент-Шаян бағытындағы автожолмен қиылысатын орамнан оңтүстік батыс бағытқа бұрылады. Одан Шымкент-Шаян бағытындағы автожолдың өсімен Бозарық ауылының 1 көшесінің өсімен батысқа бұрылады да бұрынғы қаланың шекарасымен орман жолағының бойымен осы ауылды айналып өтіп сайдың оңтүстік жағасы арқылы Шымкент - Шаян бағытындағы автожолға қайта шығады. Әріде Ташкент - Алматы автожолындағы орамды шығыс шетінен айналып Бәйдібек би көшесінің өсімен Абай ауданының бұрынғы бектілген шекарасымен өтіп қалаға кіретін бағытта Бәйдібек би ескерткішінің астындағы орманды айналып, ипподромның шекарасымен тұрғын үйлерден өтіп карьердің бойымен Сырым Батыр көшесіне шығады. Одан Сырым батыр көшесі өсімен Қ.Төлеметов көшесін қиып Дендропарктің шекарасымен Казиев көшесіне келеді. Осы тұстан ауданның бұрынғы шекарасымен Ақтас ауылына дейін келіп, әріде Шымкент - Ташкент автожолының өсімен өтіп 5410 метр қашықтықта Еңбекші ауылындағы жолдың сол жақ бойындағы үйлердің біткен тұсынан солға бұрылып егістіктің контурымен Атбұлақ өзеніне тіреледі де өзеннің ағысымен оңға бұрылады. Сасықсайдың бойымен Сайрам және Төле би аудандарын бөлетін шекарамен келіп Алматы –Ташкент жаңа автожолын 725 шақырымда қиып Төлеби ауданынан қалаға өткен Жаңаталап ауыл округінің сыртқы шекарасымен, Сайрам ауданынан қалаға өткен Ақжар ауыл округінің сыртқы шекарасын бойлап солтүстік батыс бағытта Айкөл аулына дейін, одан Ордабасы ауданыннан қалаға өткен Бадам ауыл округінің ішіндегі егістіктің контурымен және жоғары қуатты электр жүйесінің бойымен келіп Бадам өзенінен киып өтіп егістіктің контурымен және Қарабастау ауылының тұсындағы баудың сыртындағы жолмен арыққа жетіп, Шымкент Арыс бағытындағы темір жолдың астымен бойлап 3170 метр аралықта солтүстік шығыс бағытқа бұрылып Көкбұлақ ауылын айналып Бадам станциасы бағытындағы асфальт жолды кесіп өтіп солтүстік батыс бағытта Бөржар өзеніне келіп өзеннің бойымен солтүстік шығыс бағытта Батыс Европа-Батыс Қытай автожолындағы Бестамның бұрылысына келеді де одан Батыс Европа-Батыс Қытай автожолының өсімен солтүстік батыс бағытқа 1320 метрде солтүстік шығыс бағытқа бұрылып Шұбар ауыл округінің шекарасымен, Ордабасы Сайрам аудандарының 450 метр шекарасымен келіп солтүстік батыс бағытта сайдың ішімен өтіп алғашқы нүктеге шығады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының шекарасы.

      Шекаралары: Шымкент қаласының орталық бөлігінде орналасқан, батыс бөлігінен Абай ауданымен, шығыс бөлігінде Еңбекші ауданымен шектеседі.
      Батыс Европа - Батыс Қытай автожолымен Шымкент-Шаян бағытындағы автожолдар қиылысатын орамнан басталып оңтүстік шығыс бағытта сыртынан Сайрам ауданының жерлерімен шектесе отырып Батыс Европа-Батыс Қытай автожолының астыңғы бойымен жүріп Алматы-Ташкент трассасымен қиылысып Мәртөбе аулының оңтүстік шығыс бөлігіндегі темір жол мен Жібек жолы даңғылы қиылысқан көпірге келіп, көпірдің батыс жағынан темір жолдың бойымен Достық ауылына дейін келіп солға бұрылады. Одан қырдың төбесіндегі бірқатар үйлерді осы ауданға кіргізе отырып, Достық ауылын мен егістіктің арасынан өтіп темір жол асытынан өтетін асфальт жолмен көмір базасына дейін келіп, цемент зауытының алдымен бетон жолға түседі. Осының бойымен темір жолдың үстімен өтетін асфальт жолға келіп солтүстік батыс бағытқа бұрылып Жібек жолы даңғылына шығады солтүстік шығыс бағытқа бұрылып 408 метр қашықтықтан кейін Тәуке хан даңғылының бойымен Алматы-Ташкент кіші айналма жолына тіреледі. Одан осы жолдың бойымен Арғынбеков көшесіне оңтүстік батыс бағытқа бұрылады да осы көшенің соңына дейін барып Әл-Фараби ауданының бұрынғы шекарасымен өтеді.
      Бадам өзенінен өткеннен кейін газ таратқыш бекетті айналып Қонаев даңғылының бойымен оңтүстік шығыс бағытқа бұрылып 352 метр кашықтықтан оңтүстік батыс бағытқа бұрылады да 90 метр өлшемнен кейін қайта оңтүстік батыс бұрылып, тұрғын үйлердің арасындағы топырақ жолдың бойымен 520 метр өткенен кейін ауылдың сыртынан айналып одан бұрынғы қаланың шекарасымен Совхоз көшесінің ауылдың сыртына шығатын бөлігіне жетіп, сол аралықтан оңтүстік шығыс бағытқа бұрылады. Одан орман жолағының бойымен жер асты газ құбыры бойымен жүріп мұнай құбыры мен қиылысатын жерден мұнай құбыры бойымен солтүстік шығыс бағытқа бұрылады одан Текесу өзеніне жетіп өзен бойымен Текесу ауылына кіреберістегі шаруашылық ғимаратының солтүстік бөлігіне егістіктегі бұрылады, орман жолағына қарай оңтүстік шығыс бағытқа бұрылады да 2050 метр өлшемде Текесу ауылындағы су қойманы айналып бұрынғы Төлеби мен Сайрам шекарасы бойымен егістік арқылы Абай ауданының шекарасына қосылып осы шекараны сипатап алғашқы нүктеге қосылады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының шекарасы.

      Шекаралары: Шымкент қаласының шығыс бөлігінде орналасқан, батыс бөлігінен Әл-Фараби ауданымен, шығыс бөлігінде Сайрам және Төле би аудандарымен шектеседі.
      Мәртөбе ауылының солтүстік батыс бөлігіндегі темір жолдың астынан өтетін диаметрі 1800 милиметр бетон құбырдан басталып оңтүстік шығыс бағытта Тұлақсайдың бойымен егістік арқылы Қызылсу ауылына бұрылып ауылдың сыртынан Қызылсу арығының бойымен оңтүстік шығыс бағытта Өтеміс, Ақбұлақ ауылдарының арасындағы жолға тіреледі. Жол бойымен оңтүстік батыс бағытта 480 метр аралықта қайта оңтүстік шығыс бағытқа бұрылады да орман жолағы және Өтеміс арығын бойлап, Шапырашты ауылының солтүстік бөлігімен өтіп, Теріс арығына қосылады. Осы арықты бойлап Сайрам су өзенін кесіп өтіп, Зертас ауыл округінің шекарасын бойлап Абдулабад ауылын айналып Қазғұрт ауыл округінің шекарасымен, Елтай ауылының солтүстік шығыс бөлігімен Тоғыс су қоймасын және Тоғыс ауылының сыртқы шекарасымен, Жылан бұзған және Сұлтан Рабат ауылдарын бөлетін шекарамен солтүстік батыс бағытқа бұрылады да Бадам каналының бойымен Бадам су қоймасына жетіп Қаратөбе, Жұлдыз ауыл округтері мен Қазығұрт, Кемеқалған ауыл округтерін бөлетін шекарамен Әл-Фараби ауданының шекарасына тіреліп, әріде осы шекараның бойымен бастапқы нүктеге қосылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады